Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the blog2social domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Атқарылып жатқан жұмыстар әлі де қарқын ала түсуі керек - АРҚА АЖАРЫ

Атқарылып жатқан жұмыстар әлі де қарқын ала түсуі керек

Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаев Атбасар ауданына жұмыс сапары барысында тұрғындармен есеп беру кездесуін өткізіп, бірнеше нысанды аралады, азаматтарды қабылдап, олардың ұсыныс-тілектері мен өтініштеріне құлақ түрді.

Алдымен, өңір басшысы Қостанай трактор зауытында шығарылатын ауыл шаруашылығы техникаларын аралап көрді. «Тех Агро Атбасар» ЖШС директоры Саргис Фолянның айтуынша, «Кировец» электр қуатымен қаныққан тракторлары жергілікті ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер арасында жақсы сұранысқа ие.Кәсіпорын 2016 жылдан бері жұмыс істейді, осы уақыт ішінде ауыл шаруашылығы техникасын сату бойынша дилер – «Тех Агро Атбасар» ЖШС тракторларды сатуды ғана емес, сонымен қатар,оларға қосалқы бөлшектерді сатуды, сатылатын ауыл шаруашылығы машиналарына қызмет көрсетуді де жолға қойды. Бұл шаруаларға ауданнан шықпай-ақ, техникалық мәселелерді шешуге көмектеседі. Ермек Маржықпаев кәсіпорын жұмысына оң баға беріп, олардың жұмысына сәттілік тіледі.

Өңір басшысы жеке наубайханасы бар «Арман-Атбасар-Агро» ЖШС-нің сауда желісін аралады. Нысан ағымдағы жылдың қаңтар айында өз қаражаты есебінен ашылды. Жобаның құны 238 миллион теңгені құрайды. Қазіргі заманғы еуропалық пештерден күніне 7000-нан шығарылады. Қамыр және көптеген кондитерлік өнімдер дежергілікті халық арасында жақсы сұранысқа ие.

Атбасар қаласының тұрғындарымен кездесуінде облыс әкімі Ермек Маржықпаев жақсы нысандардың пайда болуына, жұмыс орындарының ашылғанына және қыстан кейін көшелер мен аулалардың ретке келтірілгенінекөңілі толғандығын айта келе,атқарушы билік пен қала тұрғындарының жұмысына оң баға берді. Өткен жылдың соңында Атбасар ауданында тұрғын үйлерді пайдалануға беру мен салуайтарлықтай төмендеген. Ағымдағы жылдың бірінші тоқсанының қорытындысы бойынша құрылыс жұмыстарының көлемі әлі де ақсап тұрғаны байқалады.

Облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Владимир Кулаковтың айтуынша, Есенгелді  ауылында 173 миллион теңгеге және Борисовка ауылында 48 миллион теңгеге елді мекенішілік жолдар орташа жөндеуден өтті.Биыл шағын және моноқалаларды дамыту аясында Атбасар қаласындағы 100 пәтерлі бес тұрғын үйдің кварталішілік жолдарының құрылысына 462 миллион теңге жұмсалады. «Ауыл – ел бесігі» мемлекеттік бағдарламасы бойынша Сергеевка ауылындағы Абылай хан мен Есенберлин көшелеріне жөндеу жұмыстарын жүргізу қарастырылған.

Есепберу кездесуіндегі «Еркін микрофон» барысында Атбасар қаласының тұрғындары атынан жергілікті белсенді Павел Рудик сөз сөйледі. Оның пікірінше, қала көшелерінің, әсіресе, жеке сектордағы аудандарда орналасқан көшелердің жағдайы мүшкіл. Атбасарлық тұрғын мәселенің өзіндік шешімін ұсынды.

– Қала маңындағы Садовое ауылында инертті материал өндіруге болатын жақсы карьер бар. Бірақ, тіпті өз қаражатымызбен арнайы техниканы жалдап, құм шығаруға құқығымыз жоқ.Егер осы істі жолға қойсақ, біз бұдан бюджетті үнемдеу түрінде жақсы пайда аламыз. Оның үстіне ауыр көліктер қазірдің өзінде миллиондаған теңге жұмсалған жаңа жақсы жолдарды «басып-жаншуда», – дейді ол.

–Бұл өте күрделі мәселе, бұл туралы біз білеміз сіз соны дұрыс көтеріп отырсыз. Құжаттарды, сметалық есептерді жасаңыз, депутаттармен бірігіп талқылаңыз… Біз жеткілікті қаражат бөлеміз, биыл бұл сома 9 миллиард теңге, өткен жылмен салыстырғанда үш есе көп. Ал, карьерлерге қатысты мәселелер заң аясында шешілуі тиіс. Сонда жол салу кезінде сырттан инертті материал әкелудің қажеті жоқ әрі сметалық құнының қымбаттауы соншалықты көп болмайды, – деді бұған өңір басшысы.

Сондай-ақ, облыс басшысы адамдарға, ең алдымен, іске шындап кірісу керек екенін түсіндірді. Алдымен жер қойнауын пайдалануға лицензия беріліп, тау-кен жұмыстарының жоспарын жасауыңыз керек…

Облыс әкімі Атбасарда жақсы логистика салынғанын, электр қуатының жеткілікті түрде қамтылғанын, ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы мен көзделген жобаларды жүзеге асыруға тартымды екеніне тоқталды. Сондықтан, ірі нысандарды ашу үшін өңірге инвестиция тартуды ұдайы жүргізіп отыру керек.

– Инвестиция дегеніміз, жаңа жұмыс орындары, халықтың жұмыспен қамтылуы мен қаржылық әл-ауқаты, бюджетке түсетін салық түсімдері, әлеуметтік инфрақұрылымды жақсарту. Заман өзгерді, құрметті депутаттар, «отырып қалуға» болмайды, сайлаушылардың сенімі ақталуы керек. Біз өз тарапымыздан облысты қаржыландыруды ұлғайтып жатырмыз, түскен қаражатты дұрыс бөлуге тиіссіздер, – деп тағы да қайталады облыс әкімі жаңадан сайланған депутаттар алдында сөйлеген сөзінде.Сондай-ақ, ол азаматтық қоғам аймақты абаттандыруға және бюджет қаражатын бөлуге қатысты барлық мәселелерді бақылауға алуы керектігін айтты.

Шағын және орта бизнес саласында 12-ге жуық жоба жоспарланған. Ірі жобалардың ішінде көкөніс өсіру және сақтау бойынша толық циклді 2 жоба аталды. Олар«Шуйское XXI» ЖШС-ындағы жобалық құны 1,5 миллиард теңге,қуаттылығы 10 мың тонна, «Абдуалиев» серіктестігіндегі жобалық құны 2 миллиард теңгежәне қуаттылығы 7,5 мың тоннаны құрайтын жобалар.

Есеп беру кездесуінде облыс әкімі бір мезгілде жиналғандармен диалог жүргізді. Тұрғындардың шағын және орта бизнесті дамытуға қатысты сұрақтарына жауап бере отырып, ол: «Қазір бизнеске көмектесетін көптеген құралдар бар. Жақсы жобаларға жол саламыз, желілерді созамыз, бізге хабарласып, нәтижелі жұмыс істеңіздер!», – деп түйіндеді.

Асылай ҚАДЫРҚЫЗЫ,
Вероника БУРДА.

Суреттерді түсірген Айбек ДАНИЯРОВ.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар