Атбасар қаласының № 7 жалпы орта білім беретін мектебінде жалпы білім беру ұйымдарының 8-11 сынып оқушылары арасында I облыстық «Ілияс Есенберлин» байқауы өтті.
Ақмола облысы білім басқармасының дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау жөніндегі орталығы ұйымдастырған іс-шара өскелең ұрпақ арасында қазақ халқының әдеби мұрасын насихаттау, оқушылардың классикалық әдебиетті оқуға деген қызығушылығын арттыру мақсатында іске асырылды. Аталған облыстық байқауға Атбасар, Бұланды, Біржан сал, Жарқайың, Зеренді, Целиноград, Шортанды аудандары мен Қосшы қаласынан, сондай-ақ, Көкшетау қаласындағы Абай атындағы (қазақ тілінде оқытылатын) дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған мектеп-интернатынан барлығы 19 оқушы қатысты.
Байқау екі айналым бойынша өткізіліп, бірінші айналымда қатысушылар тест тапсырды.Екінші айналым өзіне 3 номинацияны, атап айтқанда «Тарихтың көркем суреткері» атты эссе жазу, «Жазушының көркемдік әлеміне бойласақ…» тақырыбында Ілияс Есенберлин шығармаларынан үзінді оқу және «І.Есенберлин шығармаларының тақырыптық-идеялық жүйесі» деген атаумен Ілияс Есенберлин еңбектері бойынша шығармашылық зерттеу жұмысын орындауды біріктірді.
Шығармашылық байқаудың қорытындысы бойынша қатысушылар дипломдармен және грамоталармен марапатталды. I облыстық «Ілияс Есенберлин» байқауының жүлдегерлерінің толық тізімін Ақмола облысы білім басқармасының ресми сайтынан көре аласыздар.
«Арқа ажарының» өз ақпараты.