Танысына пышақ жарақатын салған ақмолалық әйел ұсталды

Ақмола облыстық ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, биылғы жылдың 10 маусымында сағат 00:50-де Степногорск қалалық полиция басқармасына қалалық аурухананың қабылдау бөліміне 26 жастағы жергілікті тұрғын жеткізілгені туралы хабар түсті. Ер адамға «Оң жақ қабырғасының тесілген-кесілген жарасы, алкогольдік мас болу» диагнозы қойылған.

Анықталғандай, алкогольдік ішімдік ішу кезінде зардап шеккен ер адам мен 43 жастағы күдікті әйел сөзге келіп қалған. Артынша, әйел танысына пышақ сұғып алады.

Полиция осы дерек бойынша ҚР ҚК 107-бабы 1-бөлігі «Денсаулыққа қасақана ауырлығы орташа зиян келтіру» сотқа дейінгі тергеуді бастады. Заттай дәлел, атап айтқанда пышақ тәркіленді.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар