Кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау – прокуратура органдарының негізгі міндеттерінің бірі

Балалардың құқықтары мен мүдделерін жан-жақты қорғау прокуратура органдарының басым міндеттерінің бірі болып табылады.
Балабақшалар мен бөбекжайдағы дұрыс тамақтанудың негізі – бұл мектепке дейінгі ұйымдарға қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптармен белгіленген норма.

Бурабай ауданының прокуратурасымен 2021-2022 жылдарға және ағымдағы жылдың өткен кезеңіне мектепке дейінгі ұйымдарда балаларды тамақтандыру жағдайларына қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптардың сақталуына талдау жүргізілді.
Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 9-шы шілдесіндегі №ДСМ-59 бұйрығымен (бұдан әрі – Санитарлық ережелер) мектепке дейінгі ұйымдарда тамақтану рационында қойылатын негізгі талаптар, атап айтқанда таңғы ас, екінші таңғы ас, түстен кейінгі тағамдар мен кешкі ас мазмұны бекітілген.

Ауданның балабақшаларының перспективалық мәзірін зерделеу барысында 1695 бала оқитын балалардың тамақтану жағдайларына қойылатын санитарлық талаптардың бұзылуы, оның ішінде түскі асқа қайнатылған және жаңа піскен көкөністерден тұратын салаттар берілмегені анықталды.

Одан басқа, Санитарлық ережелерге сәйкес кешкі ас көкөніс (сүзбе) тағамынан немесе ботқадан тұрады; негізгі екінші тағам (ет, балық немесе құс еті), сусын (шай, шырын, компот және желе). Екінші кешкі ас ретінде қосымша жемістер немесе ашытылған сүт өнімдері мен тоқаштар немесе кремсіз кондитерлік өнімдер қосылады.

Алайда, аудан балабақшаларында кешкі асқа жоғарыда аталған тағамдардың тізіміне кірмейтін тағамдар ұсынылды.
Сонымен қатар, балаларға екінші таңғы асқа шектеулі тамақтану кешені – шырын немесе жеміс берілді, ал ережелерде шырын мен жемістер бірге ұсынуды қарастырылған.

Прокурорлық қадағалау актісі бойынша, ауданның барлық балабақшасындағы тамақтану рационы санитарлық ережелердің талаптарына сәйкес келтірілді, лауазымды тұлғалар тәртіптік жауапкершілікке тартылып, сол арқылы 1695 баланың құқықтары қорғалды.

Ақмола облысы прокуратурасының баспасөз қызметі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар