Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Көкшетауда ауруханадан 40 млн теңгеден астам қаржы жымқырған бухгалтер ұсталды - АРҚА АЖАРЫ

Көкшетауда ауруханадан 40 млн теңгеден астам қаржы жымқырған бухгалтер ұсталды

— Көкшетауда ауруханадан 40 млн теңгеден астам ақшаны ұрлап әкеткен бухгалтер 1,5 жылдан кейін ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі қалалық прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомствоның мәліметінше, күдікті 2020 жылдың желтоқсаны мен 2021 жылдың шілдесі аралығында Ақмола облыстық туберкулезге қарсы диспансерінде бухғалтер-кассир болып жұмыс істеген. Ол біреудің электрондық-цифрлық қолтаңбасын заңсыз пайдалану арқылы есеп айырысу шотынан шамамен 42 млн теңге сомасында ақшаны шешіп алып, кейін ізін суытқан.

«2021 жылдың шілдесінде Көкшетау қалалық полиция басқармасы Қылмыстық кодекстің 188-бабы 4-бөлігі 3-бөлімшесі (аса ірі мөлшерде ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады. Іздестіру шаралары барысында күдікті биылғы жылдың 24 сәуірінде Павлодар қаласында ұсталып, уақытша ұстау оқшаулағышына қамалды. Күдікті қылмысын толық мойындады және маусымның 15-де Көкшетау қаласының прокуратурасы айыптау актісі бойынша қылмыстық іс материалдарын соттың қарауына жіберді», — деді ведомстводан.

Прокуратураның баспасөз қызметінен атап өткендей, Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің аталмыш бабы бойынша күдіктінің мүлкі тәркіленіп, бес жылдан он жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

Айта кетсек, бұдан бұрын алаяқтық үшін Ақмола облысында полицей мен оның сыбайласы сотталғанын жазған едік.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар