Ақмола облысында іздеу жарияланған полиция қызметкерінің денесі табылды

– Ақмола облысында жоғалған полиция қызметкерінің денесі Көкшетаудан табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомствоның мәліметінше, жоғалған адамның денесі бүгін сағат 9:15-те Қылшақты өзені аумағында жүргізілген іздестіру шаралары барысында тереңдігі 2 метр болатын қазаншұңқырдан табылды.

«Ер адамның денесінен зорлық-зомбылық белгілері анықталған жоқ. Сараптама тағайындалды, соның қорытындысы бойынша процессуалдық шешім қабылданады. Полиция департаментінің басшылығы мен жеке құрамы өзінің әріптесі, полиция подполковнигі Тұрар Тұрарұлы Дүйсембиннің мезгілсіз қайтыс болуына байланысты туыстары мен жақындарына көңіл айтады», – делінген хабарламада.

photo

 

Айта кетсек, бұдан бұрын Ақмола облысында полиция бөлімі бастығының орынбасарына іздеу жарияланғанын жазған едік.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар