Ақмола облысында полиция бөлімі бастығының орынбасарына іздеу жарияланды

– Ақмола облысында із-түзсіз жоғалған Зеренді аудандық полиция бөлімі бастығының орынбасары Тұрар Тұрарұлы Дүйсембинге іздеу жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, Т.Т. Дүйсембиннің хабар-ошарсыз кеткендігі туралы 23 маусымда Көкшетау полиция басқармасына өтініш түскен. Әйелінің сөзінше, Тұрар Дүйсембин 20 маусымда үйден шығып, сол күйі хабарсыз кеткен. ПД баспасөз қызметіндегілер Т.Т. Дүйсембин қазіргі уақытта бұйрыққа сәйкес кезекті еңбек демалысында екенін айтады.

«Өтініш түскеннен кейін бірден полиция департаменті кешенді іздестіру іс-шараларын ұйымдастырды, Зеренді ауданы Полиция бөлімі, Көкшетау қалалық Полиция бөлімі, Полиция департаментінің жеке құрамы, сондай-ақ, әскери қызметшілер мен еріктілер жұмылдырылды», – дейді ведомстводан.

Осы ретте, Полиция қызметкерлері Т.Т. Дүйсембиннің орналасқан жері туралы қандай да бір ақпарат ие адам болса, дереу құқық қорғау органдарына хабарлауды сұрайды.

Айта кетсек, бұдан бұрын Ақмола облысында із-түзсіз жоғалған оқушы қыздар іздестіріліп жатқандығын жазған едік.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар