Құрбан айт мерекесі күні өңірдегі барлық мешіттерде айт намазы оқылды. Облыс әкімі Ермек Маржықпаев «Науан Хазірет» орталық мешітіне айт намазына келіп, мұсылман қауымын қасиетті мерекемен құттықтады.
– Құрбан айт – жақсылық пен мейірімділікті, жақындарына деген жанашырлық пен қамқорлықты білдіреді. Берекелі мереке бірлікті нығайтады, ізгілік пен кеңпейілділікті ұлғайтады, әртүрлі этностар мен діндер өкілдері арасындағы тығыз қарым-қатынас пен өзара түсіністікті нығайтуға ықпал етеді. Бұл күн әр үйге, әр отбасына жылылық, қуаныш, келісім мен амандық әкелсін. Барлық жақсы үміттер мен арман-тілектер орындалып, жүректеріңіз бейбітшілік пен келісімге толы болсын! – деп атап өтті өз сөзінде өңір басшысы.
«Арқа ажарының» өз ақпараты.