Ақмола облысында жол апатынан бір отбасы қаза тапты

Ақмола облысында жол апатынан бір отбасы қаза тапты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қайғылы оқиға 14 тамыз күні Көкшетау-Рузаевка автожолында болған. Lexus LS 430 көлік құралы мен DAF бензин тасығышы бетпе-бет соқтығысқаны анықталды.

«Апат салдарынан жеңіл автокөлік өртенді. Оқиға орнында 42 жастағы Lexus-тың жүргізушісі, оның жұбайы мен баласы қайтыс болды. Жанармай көлігінің жүргізушісі әртүрлі жарақаттармен ауруханаға жатқызылды», – деді ІІМ баспасөз қызметінен.

ҚР ҚК 345-бабы 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Сараптама тағайындалды.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар