Ұлтаралық татулық пен бірлік – қымбат құндылығымыз

Этносаралық келісімді сақтау және қамтамасыз ету –еліміздің әрбір азаматының басты басым міндеттерінің бірі болып табылады. Қазақстан көпұлтты ел бола отырып, этносаралық және конфессияаралық мемлекеттің бірегей моделін құрды. Қоғамдық келісімді сақтауда Қазақстан халқы Ассамблеясы ерекше рөл атқарады. Мемлекеттілікті нығайтуға және азаматтардың әл-ауқатын қамтамасыз етуге бағытталған саяси және экономикалық реформаларды табысты іске асыру көп салал жұмыс.

Оны асырудың басты шарттарының бірі біздің қоғамда бейбітшілік пен бірлікті сақтау және нығайту болып табылады. Бүгінде әлемде қалыптасқан күрделі геосаяси жағдайда осының бәрі Қазақстан Республикасының әрбір азаматының, оның ішінде Қазақстан халқы Ассамблеясының және өңірлік құрылымдарының бірінші кезектегі міндетіне айналып отыр. «Бейбітшілік пен келісім тек мемлекеттік идеология ретінде ғана емес, біздің қоғамдық және жеке өміріміздің, еңбек қызметіміздің құрамдас бөлігі ретінде де қабылдануы тиіс», – деп Қазақстан Республикасының Президенті, Қазақстан халқы Ассамблеясының төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев Ассамблеяның ХХХІІ сессиясында ерекше атап өтті.

Осы идеологемаға сүйене отырып, Қазақстан халқының Ақмола ассамблеясы өңірдегі тұрақтылықты, этносаралық және конфессияаралық келісімді сақтауға лайықты үлес қосатын қоғамдық құрылымдар мен этномәдени бірлестіктердің өкілдерімен тығыз байланыста жұмыс істейді.

Облыста 49 этномәдени бірлестік тіркеліп, 19-ы аккредиттеуден өтті. Көкшетау қаласындағы Достық үйінде 17 облыстық этномәдени бірлестіктің кабинеттері табысты жұмыс істейді. Олардың шығармашылық ұжымдары мекеме базасында табысты дамып, өз мәдени дәстүрлерін басқа этностардың мәдени дәстүрлерімен біріктіріп, жалпыұлттық бірегейліктің үйлесімін қалыптастырып отыр. Осының бәрі «Бірлігіміз әралуандылықта» тұжырымдамасын растайды.

Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясының жанынан 8 қоғамдық құрылым жұмыс істейді. Ондағы ғылыми-сараптамалық топ, ақсақалдар кеңесі, аналар кеңесі, медиация кеңесі, журналистер клубы, сәндік-қолданбалы өнер шеберлерінің одағы, Қазақстан кәсіпкерлері қауымдастығының филиалы, «Ассамблея жастары» республикалық қоғамдық бірлестігінің өкілдігі Ақмола ҚХА жобалары мен іс-шараларын іске асыруға белсенді қатысады.

Жыл басынан қоғамдық құрылымдар мен этномәдени бірлестіктердің қатысуымен мыңнан астам адамды қамтитын екі жүзден астам қоғамдық маңызы бар іс-шаралар өткізілді. Олардың қатарында Алғыс айту күніне, Наурыз мейрамына, Қазақстан халқының бірлігі мерекесіне, Отан қорғаушылар мен Жеңіс күніне, сондай-ақ, этномәдени бірлестіктердің мерекелеріне және тағы басқа арналған бірқатар іс-шаралар бар.

Қазақстан халқы Ассамблеясының «Қазақтану», «Мың бала», «Қазақстан этностарының жалпыазаматтық бірегейлігін қалыптастыру», «Қазақстандық этностардың алуан түрлілігін рухани-мәдени насихаттау», «Полиэтникалық Қазақстан: этномәдени генезис» және «Этносаралық ортадағы жанжалды көрiнiстердi кабылдамауға бағытталған әлеуметтiк көзқарастарды әзiрлеу арқылы медиация институтын дамыту» жобалары да табысты іске асырылуда.

Облыста этносаралық коммуникацияларды, бірлік пен келісімді қамтамасыз етуге бағытталған жобалар іске қосылды. Мысалы, этностардың мәдени алуан түрлілігін, мәдениетаралық принциптерін көрсету арқылы қазақ халқының салт-дәстүрлерінің байлығын дәріптеуге бағытталған іс-шараларды өткізуді қамтитын «Ел бірлігі» жобасы іске асырылуда. Жобаның алғашқы қатысушылары – «Манас» қырғыз орталығы мен «Чинсон» корей орталығы «Көрісу» мерекесін өткізді.

Сондай-ақ, 1 мамырда Қазақстан халқының бірлігі мерекесінде «Достық дәмі» жобасы бастау алды, оның барысында этномәдени бірлестіктер өңірде тұратын этностардың дастарқанын, сондай-ақ, сәндік-қолданбалы өнер бұйымдарын ұсынды.

Сонымен қатар, «Санги-Кабуд» тәжік ұлттық-мәдени орталығының бастамасымен «Шаңырақ» эко-жобасы да іске асырылды. Бір шаңырақ астында тұратын этностар арасындағы достық пен келісімді нығайту және барлық этнос өкілдерін біріктіру мақсатындағы жоба аясында Көкшетау қаласының «Достық» үйінің аумағында «Бірлік» сквері ашылды, оның орталық элементі киіз үй болды.

«Бірлігіміз әралуандылықта» және «Отаным – Тағдырым» жобалары тиісті деңгейде дамып, оның аясында дәрістер, әңгімелер, кездесулер, экскурсиялар өткізілуде.

Облыстық Ассамблеяның қызметінде мемлекеттік тілді насихаттауға және оны этносаралық қарым-қатынас тілі ретінде дамытуға баса назар аударылады. Осы орайда, Мемлекет басшысы «Біздің қоғамда мемлекеттік тілді үйрену, оны меңгеруге деген ұмтылыс күнделікті нормаға айналуы тиіс», – деп өз сөзінде ерекше атап өтті. Бүгінгі таңда қазақ тілін үйренуге жоғары қызығушылық пен ниет танытатын әр түрлі ұлт өкілдерінің саны артып келеді. Кәсіби сөйлеу дағдыларын қалыптастыру және дамыту, ауызекі сөйлеу және тіл деңгейін одан әрі арттыру мақсатында «Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік мекемесі жанынан 100 адам қатысатын «Мәміле» мемлекеттік тілді дамыту бойынша пікірталас клубы ашылды. Ақмола ҚХА мүшелерінің өңір бойынша осыған сәйкес клубтар ашуға ұмтылысы бар, осылайша бұл қазақ тілін насихаттауға ғана емес, сонымен қатар, ақмолалықтардың азаматтық жауапкершілігін, патриоттығын арттыруға ықпал етеді.

Облыстық ассамблея мүшелері еріктілік пен қайырымдылық қызметін дамытуға ерекше көңіл бөледі. Этномәдени бірлестіктердің, ҚХА қоғамдық құрылымдарының өкілдері, еріктілер орталығы 18 мыңнан астам адамды қамти отырып,  3000-нан астам аз қамтылған және көп балалы отбасыларға көмек көрсетті. Алғыс айту күніне арналған акциялар, Наурыз мейрамы, табиғи апаттардан зардап шеккендерге көмек, қайырымдылық түскі ас және тағы басқажалпы сомасы 90 миллион теңгені құрайтын2 500 қайырымдылық іс-шарасыөткізілді. Осылайша, ҚХА мүшелері Президентіміз атап өткен әлеуметтік-жауапкершілік идеясын іскерлікпен жүзеге асыруда.

Ақмола ҚХА мүшелері өздерінің барлық күш-жігерін халқымыздың рухани құндылықтарын ілгерілетуге, ұлтаралық бірлік пен өзара түсіністікті нығайтуға, жұртшылық бойында азаматтық бірегейлікті қалыптастыруға  жұмсайтынына сенімдімін.

Сабырхан КЕНЖЕБАЕВ,
Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар