Еуропадағы жетекші компаниялардың бірі іскерлік байланысқа ықылас білдірді

Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаев «Lasselsberger Group» компаниясының өкілдерімен кездесті, – деп хабарлайды облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.

Кездесуде екіжақты ынтымақтастықты дамыту перспективалары талқыланды. Австриялық делегацияны қарсы ала отырып, облыс әкімі Ермек Маржықпаев облыстағы инвестициялық жобаларды іске асыру үшін іскер топ мүшелерімен барлық мәселелерді талқылауға дайын екендігін атап өтті.

– Біздің өнеркәсіптік әлеуетіміз жоғары, бүгінде біз мойынтіректердің жүз пайызға жуығын, әрбір екінші астық жинайтын комбайынды, үшінші килограмм алтынды, үшінші кірпішті, әрбір жетінші тонна уранды шығарамыз. Біз әлемнің 90 елімен ынтымақтасамыз. Біз Австриямен жұмыс істейміз. Бес айдың ішінде сыртқы сауда айналымы шамамен бес миллион АҚШ долларын құрады. Біздің өзара іс – қимылымыздың әлеуеті зор деп санаймын, – деді өңір басшысы.

«Lasselsberger Group» халықаралық корпорациясы ауданның да, облыстың да экономикасын дамытуға одан әрі мультипликативті әсер ететін керамикалық бұйымдар шығаратын зауыт салуға ниетті.

– Біз үшін ең бастысы, керамика және өндірістерді құру. Ең бастысы – шикізатты табу. Біз сапасыз өнім шығаратын компания емеспіз. Бізде бүкіл әлем бойынша 90-нан астам зауыт бар. Біз үш бағытта жұмыс істейміз: қағаз өнімдеріне, керамикаға, шыныға арналған минералдар шығарамыз. Екінші бағыт – керамика өндірісі, ал үшінші бағыт – құрылыс материалдары – біз цемент, құрғақ құрылыс қоспалары, желім және басқаларын шығарамыз, бұл ғимараттың ішінде де, сыртында да безендіру үшін қажет, – деп атап өтті компания иесі Йозеф Лассельсбергер.

«Lasselsberger Group» әлемнің 17 елінде 67 өндірістік кәсіпорны бар және шикізат, құрылыс материалдары мен керамикалық бұйымдар өндіру бойынша Еуропадағы жетекші компаниялардың бірі болып табылады.

– Мұндай жобалар біздің облысымыз үшін өте маңызды. Өз тарапымыздан біз барлық мәселелер бойынша барынша қолдау көрсетуге әрқашан дайынбыз. Мұндай кездесулерді өткізу өзара тиімді ынтымақтастықты нығайтатынына сенімдімін, – деп қорытындылады Ермек Маржықпаев.

«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар