Полицияның пагонын жұлып алған әйел істі болды

Ақмола облыстық ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, келеңсіз жағдай ағымдағы жылдың 22 тамызында Степногорск қаласында болған.

Қонақта отырған 38 жастағы әйел алкогольдік ішімдік ішіп алып, агрессияға берілген. Әйел шақыру бойынша барған тәртіп сақшыларына жұдырық ала ұмтылған, тіпті бірінің пагонын жұлып, жидесін жыртқан.

Осы дерекке қатысты полиция ҚР Қылмыстық кодекстің 380-бабының 3-бөлігі «билік өкіліне қатысты зорлық-зомбылық әрекеттері» бойынша сотқа дейінгі іс қозғады.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар