Қоғамдық кеңестің ықпалы артып келеді

Өңірлік комуникациялар қызметінде Ақмола облысы Қоғамдық кеңесінің жұмысы туралы баспасөз конференциясы өтті. Онда Қоғамдық кеңес төрағасы Ермек Нұғыманов өткен кезеңді қорытындылап, баяндама жасады.

Қоғамдық кеңес 31 адамнан тұрады. Кеңестің атқарушы органы ретінде 7 адамнан тұратын төралқа құрылған. Сонымен бірге, 4 комиссиясы бар: бюджеттік, әлеуметтік-құқықтық, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес, өндірістік, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы жөніндегі комиссиялар. Облыстық Қоғамдық кеңес төралқаның 29 отырысын өткізсе, тұрақты комиссиялар әлеуметтік сипаттағы түрлі мәселелерді қараған. Онда нормативтік-құқықтық актілердің 52 жобасы қаралып, 2 қоғамдық тыңдау өткізілген. Және де мемлекеттік органдар басшыларының 5 есебі тыңдалып, 4 қоғамдық мониторинг жүргізілген. Қоғамдық кеңес жеке және заңды тұлғалардың 21 өтінішін де қарап, олардың 11-і қанағаттандырылып, 5 өтініштен бас тартылған. Және 3 өтінішке түсініктемелер беріліп, 2 өтініш кеңес  құзыретіне сәйкес қайта қаралған.

Ақмола облысының Қоғамдық кеңесі «Көкшетау Жылу» кәсіпорнының тарифтерін қалыптастыру, сондай-ақ, Ақмола облысының тауар өндірушілерін субсидиялау, жануарларды зарарсыздандыру, алғашқы медициналық көмек көрсету, қауіпті ауруларға қарсы егу, мемлекеттік-жекеменшік әріптестікті дамыту сияқты проблемалық мәселелерге назар аударып келеді. 2022 жылы 10 қазанда Қоғамдық кеңес бастамасымен Бурабай ауданы Қоғамдық кеңесімен бірлескен көшпелі отырыс өткізілген. Онда экология және қоғамдық мониторинг қорытындылары қаралып, пікір алмасу өткен. Қазақстанда қабылданған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат тұжырымдамасына байланысты Ақмола облысының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметіне ұсыным бере отырып, 2 бірлескен отырыс өткізген. Қоғамдық кеңестің құрамының 70 пайызын азаматтық қоғам өкілдері құрайды.

– 2022 жыл біздің Қоғамдық кеңестің құрылып, іске кіріскен бірлескен жұмысымыздың бірінші жылы болды. Қоғамдық кеңестердің дамуын кешенді жаңғыртудың басталуымен ортақ күш-жігерімізді жұмсай отырып, жаңа деңгейге шыққанымызға және одан әрі шыға беретінімізге сенімдімін. Нақтылық, ашықтық, адалдық – біздің басты ұстанымымыз болды, – деді  сөз соңында Қоғамдық кеңес төрағасы Ермек Нұғыманов.

Мұхамет ТІЛЕУБАЙ,
«Арқа ажарының» өз тілшісі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар