Академияда аруларымыз білім ала бастады

Ағымдағы жылдың 1 қыркүйегінде Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Мәлік Ғабдуллин атындағы Көкшетау азаматтық қорғау академиясында Білім күніне арналған салтанатты  сап түзеу өтті.

Бұл оқу жылы академия үшін өте ерекше. Жалпы, оқу жылының басынан бастап 589 курсант оқуға кіріседі. Ресей және Беларусь Республикасының Төтенше жағдайлар министрліктерінің бейінді жоғары оқу орындарында осы академиядан оқуға жіберілген 102 курсант оқиды. Бұл қатарға биыл тағы 20 курсант қосылады. Биыл академия 120 курсантты қабылдады. Оның 4-еуі биыл алғаш рет оқуға қабылданған қыздар болып табылады.

Салтанатты іс-шарада академия бастығы, полковник Ерлан Әлібеков жеке құрам алдында құттықтау сөз сөйледі.

−Баршаңызды бүгінгі дәстүрлі Білім күнімен шын жүректен құттықтаймын! Біздің академия еліміздегі құтқарушылар мен өрт сөндірушілерді даярлайтын жалғыз жоғары оқу орны болып табылады. Биыл Мемлекет басшысы Ақмола облысына жұмыс сапарында академиямызға  келген еді.  Сол жолы Президент  азаматтық қорғау саласы өте маңызды сала екендігін атап өтті. Сондықтан, оқытушы құрамына да, курсанттарға да жоғары жауапкершілік жүктеледі. Президенттің тапсырмасы бойынша академияның жаңа кешенін салу жұмыстары басталғанын айтқан жөн. Бұл елімізде азаматтық қорғау саласындағы курсанттардың санын және төтенше жағдайларға қарсы күрестің тиімділігін арттыруға көмектеседі деп ойлаймын. Білім күні сіздерге тек кәсіби табыс мен жоғары жетістіктер тілеймін, −деді ол.

Сондай-ақ, салтанатта академияның ардагерлер кеңесінің төрағасы Кенжебай Райымбеков, академия бастығының орынбасары, азаматтық қорғау полковнигі Қуанышбек Карменов курсанттарды құттықтап, жылы лебіздерін білдірді. Сондай-ақ, курсанттардың атынан Жансерік Мұхтаров сөз сөйледі.

Осында білім алуды бала кезінен армандаған Дана Мамыртай Шымкент қаласынан келіпті. Ол биылғы жылы академияда қыздардың оқуына мүмкіндік туғанына дән риза.

Ілияс ӘУБӘКІРОВ,
«Арқа ажарының» өз тілшісі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар