Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Тілімізді дамыту  ортақ іске көмектеседі - АРҚА АЖАРЫ

Тілімізді дамыту  ортақ іске көмектеседі

Ел Президенті өзінің Жолдауында көп жағдайда даулы мәселелерді шешуге мүмкіндік беретін халықпен тиімді кері байланыс орнату, қоғамдық диалог, ашықтық, адамдардың мұң-мұқтажына жедел назар аудару мемлекеттік органдар қызметінің негізгі басымдықтары болуы қажет екендігіне назар аударды.

Қазақстан халқы Ассамблеясының басты бағыттарының бірі болып саналатын қоғамдық келісімді нығайту мәселесі де Жолдаудың назарынан тыс қалмады. Осы орайда, бүкіл қоғамның бірлескен еңбегінің нәтижесіне айналған ұлтаралық келісімді, алуан түрлілігімен ерекшеленетін, ғасырлар бойы қалыптасқан бірлігімізді нығайту мәселесінің, ұлтаралық қатынас тіліне айналуға тиісті мемлекеттік тіліміздің рөлінің Жолдау негіздерінің бірі болуының мағынасы зор деп ойлаймын.  Президент Жолдауында қоғамдық диалог, ашықтық, адамдардың мұң-мұқтажына жедел назар аудару сияқты мемлекеттік органдар қызметінің негізгі басымдықтары айтылды.

Құқық қорғау жүйесін толық реформалаумен қатар, қоғам игілігіне жұмыс жасап жүрген қайраткерлердің назарынан тыс қалмауы тиіс отбасы және бала құқығын қорғау,тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимыл мәселесі, жасөспірімдер арасында көбейіп кеткен суицид мәселесімен мақсатты түрде айналысу жайындағы басым бағыттар кез келген ата-ананың көңілінен шықты деп ойлаймын.

Сондай-ақ, Жолдаудың азаматтардың, әсіресе жастардың, студенттер мен оқушылардың волонтерлік қызметке қатысу аясын кеңейту, студенттерді жатақханамен қамтамасыз ету, олардың бойында белсенді өмірлік ұстанымдарға қатысты дағды қалыптастыру жайындағы бөлігі де ел ішінде игі істер жасаумен қанағат тауып жүрген еріктілердің, сондай-ақ, кәсіби маман атануға құштар студенттердің  құлшынысын арттыратыны да сөзсіз.

Мемлекет басшысының бастамаларын толық қолдай отырып, Жолдау бүкіл халық үшін қуатты жұмылдырушы бастама болатынына кәміл сенемін. Бүгінгі Жолдаудың міндеттерін іске асыру Қазақстанның дамуындағы ауқымды серпіліс үшін мүмкіндік болады деп санаймын. Қазақстан халқын Мемлекет Басшысы Жолдауының міндеттерін орындау үшін топтасуға және бірге тұрақты, әділетті  Қазақстанды құруға шақырамын.

Ермек НҰҒЫМАНОВ,
«Қоғамдық келісім» мемлекеттік мекемесінің  басшысы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар