Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың биылғы «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Жолдауы бұрынғы жылдарға қарағанда өзгеше болғаны белгілі. Биылғы басты құжатты жариялау барысында Президентіміз ең алдымен бұған дейін қолға алынған міндеттердің орындалу барысын қорытындылады және жаңа мақсат-міндеттерді айқындап берді. Соның ішінде аудандық және қалалық бюджеттердің дербес болуына назар аударды.
Қолданыстағы бюджет жүйесін қайта реформалау 2023 жылдан басталды. 2022 жылы Мемлекет басшысының Жарлығымен Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қаржыны басқарудың 2030 жылға дейінгі тұжырымдамасы қабылданды, оның шеңберінде «бюджет қаражатын басқарудан» – «нәтижені басқаруға»көшу жұмысын жүргізу тапсырылды.
Тұжырымдаманы орындау үшін қазіргі уақытта жаңа Бюджет кодексінің жобасы әзірленуде. Мемлекеттік жоспарлаудың негізгі қағидаттары жоғары деңгейдегі құжаттарға қатысты төменгі деңгейдегі құжаттарды әзірлеудің қажеттілігі мен заңдылығы болып табылады. Яғни, нысаналы индикаторлар мен көрсеткіштер жоғары тұрған құжаттарға сүйене отырыпдекомпозиялануы және айқындалуы тиіс. Ал, өз кезегінде бюджет шығыстарынысаналы индикаторлар мен көрсеткіштерге қол жеткізуге, яғни, «нәтижелерді басқаруға» бағытталуы қажет.Бюджет кодексінің жобасына сәйкес бюджет заңнамасында елеулі өзгерістер күтілуде.
Бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің дербестігі мен жауапкершілігін бір мезгілде күшейте отырып, блоктық бюджетті енгізу арқылы кеңейту жоспарлануда.Шығыс блоктары тұрақты сипаттағы шартсыз базалық шығыстарға және шығыстардың жаңа бағыттарын қаржыландыруға бағытталған бастамаларға арналған шығыстардыңбюджеттік бағдарламалар әкімшісінің шығыстар лимитінің құрамында айқындалатын болады.Бюджетті атқару барысында бюджеттік бағдарламалар әкімшісі қаражатты басқару бойынша толық дербестікке ие болады, бюрократияны азайту мақсатында қаражатты қайта бөлуді келісу қажеттілігі алып тасталады.
Сондай-ақ, Мемлекет басшысы өз Жолдауында өңірлердің бюджеттік дербестігі деңгейін арттыру және әкімдерге бюджетті дербес қалыптастыруға құқық беру қажеттігін атап өтті. «Аудан әкімдеріне жергілікті бюджетті басқару құқығын берген жөн. Бұл ең алдымен, сол жердегі мәселелерді жедел шешу үшін қажет», – делінген биылғы Жолдауда.
Бюджет жыл сайын қайта бекітіле отырып, үш жылға қалыптастырылады. Бюджеттің мүмкіндіктерін теңестіру, облысымыздың барлық міндеттемелерін жабу үшін республикалық бюджеттен жалпы сипаттағы трансферттер немесе үш жылға субвенция бөлінеді.
Аудандық деңгейге келетін болсақ, шынында да, жергілікті бюджеттердің жоғары тұрған бюджеттен бөлінетін қаражатқа тәуелділігі бұрыннан байқалған, яғни, өңірлердің әлеуметтік-экономикалық мәселелерін шешудің негізгі көзі жоғары тұрған бюджеттен берілетін трансферттер болды.
Өткен үш жылда біздің облыста тек облыс орталығы Көкшетау қаласы ғана өзін-өзі қамтамасыз ететін аймақ болды, қалғандарына субвенция берілді. Аудан әкімдері жергілікті маңызы бар мәселелерді шешу мақсатында жобаларды облыстық бюджеттен қаржыландыру үшін бюджеттік өтінімдер жолдап тұрды.
Ағымдағы жылдан бастап жергілікті бюджеттердің кірістерін ұлғайту, өңірдегі экономикалық белсенділікті арттыруды ынталандыру мақсатында облыстық бюджеттен аудандық (облыстық маңызы бар қала) бюджетке шағын және орта бизнес субъектілерінен корпоративтік табыс салығының түсімдері 50 пайыз мөлшерінде берілді.Әрине, бұл аудандар мен қалалардың бюджет дербестігіне оң ықпалын тигізді.
Бұдан басқа, облыс өңірлері үшін үш жылдық кезеңге арналған бюджеттік субвенциялар мен алып қоюлар көлемін есептеу үшін жаңа әдістеме қабылданды, соған сәйкес жергілікті бюджеттердің шығыстар базасына бұрын республикалық және облыстық бюджеттерден берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер есебінен қаржыландырылған тұрақты сипаттағы шығындар қайтарылды.
Сондай-ақ, аудандар мен қалалардың бюджеттерінде күрделі шығындарға арналған шығыстар және даму бюджеті көзделген.Бюджет дербестігі бойынша жүргізілген есептеулер нәтижесінде Көкшетау қаласынан басқа өзін-өзі қамтамасыз етудіңендігі үш жылдығына тағы 7 өңір кірді. Олар Атбасар, Аршалы, Бұланды, Бурабай, Зеренді, Целиноград аудандары мен Степногорск қаласы.
Жалпы, жергілікті бюджеттерге сыртқы факторларға тәуелді емес, тұрақты сипаттағы салық түсімдері бекітілген. Сонымен қатар, бұл салықтар нақты аумақтық байланысы бар және жиналуы жоғары салық базасынан алынады. Мұның бәрі жергілікті бюджет кірістерінің тұрақтылығын қамтамасыз етеді.Реформаның келесі кезеңінде қосымша құн салығын және басқа салықтарды беру кезінде жергілікті бюджет кірістері тағы да өсе түседі деп күтілуде.
Сондай-ақ, жергілікті бюджетке жиналатын салықтардың сол бір бөлігі бойынша преференцияларды айқындау жөніндегі өкілеттіктерді өңірлерге беру мәселесі қаралуда.Бұл бизнестің дамуы мен өңірлердің де тұрақты дамуына серпін береді. Президенттің ұсынып отырған бастамасы өте маңызды. Бұл келешекте аймақтардың табысты дамуына үлкен серпіліс әкеледі. Сол себепті әкімдер бюджетаралық қатынастардың жаңа үлгісіне көшу кезінде оның өңірімізге тигізетін пайдасы мен тиімділігін ойлауы керек.
Алмагүл ШҮГІРМАҚОВА,
Ақмола облысының экономика
және бюджеттік жоспарлау
басқармасының басшысы.