Айыппұл өскенімен, заңсыз қоқыс орындары азаймай тұр

Жыл сайын адамзат екі миллиард тоннадан астам қатты тұрмыстық қалдықтарды шығарады. Олар ауаға сынап, метан, көмірсутектер буын шығарады, топырақ пен суды ауыр металдармен улайды.

Сондықтан, рұқсат етілмеген полигондар үлкен қауіп төндіреді, өйткені, олардың аумағының мөлшері мен құрамын бақылау қиын. Оларды жою, полигондарға дейін тазалау, тасымалдау және рекультивациялау бойынша арнайы іс-шараларды өткізу үлкен қаржылық және еңбек шығындарын талап етеді.

Стихиялық полигондар қалдықтарды өңдеу мәдениетінің төмендігінен және бөлек кәдеге жаратудың нашар ұйымдастырылуынан пайда болады. Қазақстанда ҚТҚ-ны бөлек жинауды ұйымдастыру бастапқы сатысында. Елімізде қалдықтардың шамамен 18-20 пайызы қайта өңделеді. Қайта өңдеудің жеткіліксіздігі қолданыстағы полигондарға жүктеме әкеледі.

2021 жылғы 1 шілдеден бастап ҚР Экологиялық кодексінің жаңа редакциясы күшіне енді, оған қатты тұрмыстық қалдықтарды басқару саласындағы проблемаларды жүйелі шешуге ықпал етуге арналған бірқатар нормалар енгізілген. Көптеген шаралардың қатарына қауіпті қалдықтарды қайта өңдеумен айналысатын кәсіпорындарды лицензиялау жатады. Барлық қоқыс шығаратын компаниялар үшін GPS орнату талабы енгізіліп, қалдықтар иерархиясы бекітілген. Айыппұлдар қатаңдатылып, олардың мөлшері 10 есе ұлғайтылды, бұл қоқысты жақын жерде стихиялық полигонға тастаудың тиімсіздігіне әкеледі.

Кодекстің жаңа редакциясы енгізілгенге дейін құрылыс компаниялары қалдықтарды арнайы полигондарға шығарды. 2022 жылдан бастап қатты тұрмыстық қалдықтар полигондарының аумағына құрылыс материалдарын әкелуге тыйым салатын нормалар күшіне енді. Енді құрылыс қоқыстары сұрыпталуы, қайта өңделуі және қайта пайдалануға бағытталуы керек. Экологиялық кодекске түзетулер енгізілген кезде әр салада құрылыс қалдықтарын қайта өңдеуге бағытталған қайта өңдеу зауыттарын салу жоспарланған болатын.

Алайда, қазіргі жағдай көрсетіп отырғанындай, Целиноград ауданы аумағында заңсыз төгілетін қалдықтардың басым бөлігін құрылыс қалдықтары құрайды. Құрылыс қалдықтарын қайта өңдеу көсіпорындарының жоқтығына немесе қайта өңдеу үлесінің өте төмен болуына байланысты жеке және заңды тұлғалар заңды бұзып, белгіленбеген жерлерге орналастыруға мәжбүр.

Заңсыз қоқыс орындар негізінен, Софиевка, Қабанбай батыр, Талапкер, Қарөткел ауылдарының маңында орналасқан. Соңғы 2 ай көлемінде қоқыстарды белгіленбеген жерлерге орналастыру фактісі бойынша 2  кәсіпорынға, 3 жеке тұлғаға және 1 лауазымды тұлғаға қатысты Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 324, 344 баптары бойынша айыппұлдар салынды. Айта кетерлігі, Қазақстан Республикасы Экологиялық кодексінің 365-бабының 4-тармағына сәйкес аудандардың, аудандық және облыстық маңызы бар қалалардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары коммуналдық қалдықтарды басқару саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруда.   Осыған сәйкес, Департамент Целиноград ауданы әкімдігіне «Қазақстан Ғарыш Сапары» АҚ Ғарыштық космотүсірілімдер арқылы аудан аумағында анықталған 34 қоқыс орнының орналасқан жерлерін жолдап, оларды жою бойынша жұмысты атқару жөнінде хат жолданды. Әкімдік өз кезегінде ауылдық округ әкімдеріне заңсыз қоқыс алаңдарын жою жөнінде тапсырма берді. Департамент алдағы уақытта бұл тапсырманың орындалуын қатаң бақылайтын болады.

 Айқын НҰРАХМЕТ,
Ақмола облысы бойынша экология департаментінің
Целиноград, Аршалы  аудандары бойынша  экологиялық инспекторы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар