«Сапа Судың» жұмысы айтарлықтай

«Сапа Су» ЖШС 2013 жылы Қазақстан Республикасының Үдемелі индустриялық-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасы аясында салынған.

2015 жылы жұмысын бастаған кәсіпорын азаматтық құрылыс пен жол құрылысына, кәріз жүйесіне, су тартуға, энергиямен жабдықтауға және телекоммуникацияларға, суағарларды тазалауға, ағынды суларды тазарту мен жаңбыр суын пайдаға асыруға арналған  темірбетон бұйымдарының барлық түрлерін жоғары технологияға сай неміс жабдықтарында өндіреді. Темірбетон бұйымдары қатты бетон қоспасынан вибросығымдау технологиясын қолдана отырып дайындалады, бұл бұйымдардың қызмет ету мерзімін ұзартуға мүмкіндік береді. Темірбетон бұйымдарының орташа қызмет ету мерзімі сөйтіп, кәсіпорында шығарылатын шамамен 100 жылдан асады.

Бүгінгі таңда зауыт ішкі диаметрі 300-ден 2400 мм аралығындағы құбырларды шығарады. 2019 жылы «Қарапайым заттардың экономикасы» бағдарламасы бойынша зауытқа «Multicast SCC200» темірбетон құбырларын өндіруге арналған жабдық, құрал-саймандар қалыптары мен дөңгелекті өндіруге арналған BSM-300-R типті дәнекерлеу аппараты сатып алынған. Компаниядағы  жұмысшы саны 102 адам. 2019 жылы Шымкент қаласында осы өндірістің филиалы ашылған.

2020 жылы «Сапа Су» ЖШС коррозияға қарсы жабыны бар құбырлар да шығара бастады. Мұндағы қонышты бетон құбырлары стратегиялық маңызды объектілерде қолданылған. Атап айтсақ, «ЭКСПО-2017» көрме орталығының инженерлік желілері, «Astana LRT» инженерлік жүйелерінің құрылысы, Көкшетау және Шымкент қалаларының кәріз жүйесінің құрылысы, тағы басқа осындай 56 стратегиялық маңызды орындарда кәсіпорын өнімдері қолданылған.

Сонымен бірге, «Сапа Су» ЖШС қысымсыз, қонышты темірбетон құбырларын өндіру бағытында Қазақстандағы алғашқы өндіріс орны болып есептеледі. Осындай жаңашылдықтарымен 2021 жылы «Іскер» сыйлығын, 2022 жылы «Қазақстан Республикасының үздік өнеркәсіп тауарлары» сыйлығын алған.

Мұхамет ТІЛЕУБАЙ,
«Арқа ажарының» өз тілшісі.

 Қосшы қаласы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар