Ақмола облысы әкімінің атаулы шәкіртақысын тағайындауға үміткерлер құжаттарын қабылдау басталды!

Ақмола облысы әкімінің атаулы шәкіртақысын тағайындауға үміткерлер Ақмола  облысында тұратын, күндізгі оқу  түрінде  ақылы білім алатын студенттер, интерндер, резиденттер, сонымен қатар, келесі критерийлерге сәйкес келетін:

– Ақмола облысында кадрлық тапшылықты құрайтын мамандықтарда оқитын;

– әскери, арнаулы оқу орындарында, азаматтық қорғау білім беру мекемелерінде оқитын, сондай-ақ, мемлекеттік немесе қоғамдық міндеттерді атқару кезінде, әскери қызметте, адам өмірін құтқару кезінде, құқықтық тәртіпті қорғау кезінде қаза тапқан адамдардың отбасыларына жататын;

– әр түрлі спорт түрлерінде жоғары жетістіктері бар студенттер (олимпиадалық спорт түрлері бойынша республикалық және/немесе халықаралық чемпионаттарда жүлделі орын алғандар немесе олимпиадалық емес спорт түрлері бойынша халықаралық чемпионаттарда жүлделі орын алғандар), Ақмола облысының атынан қатысатындар болуы тиіс.

Құжаттар 2023 жылдың 12 қыркүйегінен бастап 12  қазанына  дейін (қоса алғанда) қабылданады.

Ақмола облысы әкімінің атаулы шәкіртақысын тағайындауға қойылатын талаптар, сонымен бірге, тапшы мамандықтар тізімі Ақмола облысының ішкі саясат басқармасының сайтында орналастырылған.

Өтінімдер Ақмола облысы ішкі саясат басқарамасында мына мекен-жай бойынша қабылданады: Қ.Сәтпаев көшесі, 1 «Б»-үй, 2-қабат, 241 кабинетінде. Қосымша ақпарат бойынша мына телефонға хабарласа аласыздар: 40-12-29.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар