Астық жинау  қарқынды жүргізілсін! Арнайы комиссия құрылды

Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов өңірлер бойынша алғашқы сапарын Атбасар ауданынан бастап, егін жинау науқанының проблемалық мәселелері бойынша облыстың ауыл шаруашылығы құрылымдарының басшыларымен кездесті.

Мемлекет басшысының Жолдауы аясында облыс әкімі агроөнеркәсіптік кешенді дамытудың маңыздылығын атап өтіп, шығындарды азайту үшін барлық шаралар қабылданатынын жеткізді.

– Ең бастысы – ауарайының жақсаруын пайдаланып, егін жинауды ұйымдасқан түрде аяқтау. Маған барлық мүдделі органдардың қатысуымен және бірінші орынбасарымның басшылығымен комиссия құру тапсырылды, ол өз кезегінде проблемалық мәселелерге талдау жүргізеді және Қазақстан Республикасы Үкіметіне хат жолдайды.Біз мемлекетке және облыс әкімі ретінде маған қатысты барлық қажетті шараларды қабылдайтын боламыз. Мемлекет басшысы ауыл шаруашылығын дамыту және елдің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етудің маңыздылығын ескере келе, экономиканың нақты секторына ерекше назар аударып отыр. Біздің облыс ірі агроөнеркәсіптік өңір болып табылады.Сіздер тек облысты ғана емес, елді де тамақтандырасыздар, – деп атап өтті бұл ретте, М.Ахметжанов.

Өңірде бүгінгі таңда егістік алқабының 16 пайызы жиналды. Көрсеткіштің бұдан жоғары болуына соңғы апталарда үздіксіз жауған жаңбырлар қолбайлау болып отыр.

Кездесу барысында «Сепе-1», «Бастау», «Полтавка 2», «Қоржынкөл-А» ЖШС директорлары және тағы басқалары шаруа қожалықтарының проблемаларын, оның ішінде «Аграрлық несие корпорациясы», «Азық-түлік корпорациясы» акционерлік қоғамдарыныңжәне басқа да қаржы ұйымдарының шарттық міндеттемелері мен кептіру қондырғыларына қосымша отын бөлутуралы сөз қозғады.

–Біз барлық мәселелерді шешуге жан-жақты қараймыз.
Ең алдымен, астықты кептіру үшін отынмен қамтамасыз ету, элеваторлардың тәулік бойы астық қабылдау жөніндегі қызметін ұйымдастыру мәселесін қарастыру қажет. Барлығын бір дәнге дейін сақтау керек. Біздің облысқа Ауыл шаруашылығы министрлігі құрған комиссия шығады. Билік пен қоғамның бірегейлігі болуы керек, – деп түйіндеді өз сөзін аймақ басшысы.

Кездесу соңында қатысушылар Марат Ахметжановқа өздеріне қолдау көрсеткені және назар аударғаны үшін алғыс білдіріп, барлық айтылған мәселелердің шешілуіне үміт білдірді.

Кездесуден кейін Марат Ахметжанов аудандағы әлеуметтік нысандардың жұмысымен танысты. Қазіргі уақытта Шуйское ауылындағы 190 орындық мәдениет үйінде күрделі жөндеу жұмыстары аяқталып қалды. Бұл мақсатқа шаруашылықтың өз есебінен 250 миллион теңге бөлінген. Нысан Республика күні қарсаңында қайта пайдалануға беріледі.  Сондай-ақ, мұнда 2021 жылы есігін айқара ашқан Бейсенбек Құрманқұлов атындағы спорт кешені де осы күні ойдағыдай жұмыс істеп тұр.

Облыс әкімі ауыл тұрғындарының кездесуінде елді мекеннің жақсы дамып келе жатқандығын атап көрсетіп, балалардың қауіпсіздігіне, жас ұрпақты Отанға сүйіспеншілік рухында тәрбиелеу мәселелеріне үлкен жауапкершілікпен қарау керектігін еске салды.

Ілияс ӘУБӘКІРОВ,
«Арқа ажарының» өз тілшісі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар