Фермер құқығы қалпына келтірілді

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті тиісті рұқсат алу кезінде кедергіге тап болған шаруа қожалығының бұзылған құқығын қалпына келтірді.

Шаруа қожалығы Су ресурстарын пайдалануды реттеу және қорғау жөніндегі Есіл бассейндік инспекциясына «Арнайы су пайдалануға арналған рұқсат» мемлекеттік қызметін алу үшін жүгінген.

Алайда, мемлекеттік орган Су кодексіндегі су пайдалану салдарының су ресурстарының жай-күйiне әсерін зерделеу нәтижелері және мемлекеттiк экологиялық сараптаманың оң қорытындысының болуы туралы талаптарға сілтеме жасай отырып, қызмет көрсетуден бас тартқан.

Қызмет алушы бас тартумен келіспей, департаментке шағым жолдады. Оны қарау барысында қызмет беруші істің мән-жайларын дұрыс зерделемегені анықталды. Яғни, шаруа қожалығында 2018 жылғы экологиялық сараптаманың оң қорытындысы болған. Ал, су пайдалану салдарының су ресурстарының жай-күйiне әсерін зерделеу мемлекеттік органның өзінің міндетіне жатады. Сол себепті бұл жәйт мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіз бола алмайды.

Департамент шағымды қарай келе, Есіл бассейндік инспекциясына қызмет алушының құқықтарын қалпына келтіру, сондай-ақ, алдағы уақытта мұндай фактілерге жол бермеу жөнінде шешім енгізді. Осы шешімнің негізінде инспекция шаруа қожалығына қажетті арнайы суды пайдалануға өз рұқсатын беріп, қызмет алушының құқықтарын қалпына келтірді.

Ақмола облысының прокуратурасы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар