Жас мемлекеттік қызметшілер үшін қолайлы мүмкіндік

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің басшысы Думан Әбілев жас мемлекеттік қызметшілермен кездесіп, оларға Президенттік жастар кадр резервіне іріктеу туралы толық ақпарат берді. Кездесуге облыстың жергілікті атқарушы органдарыныңмемлекеттік қызметшілері шақырылды.

Думан Әбілев өз сөзінде іс-шараға қатысушылардың назарын осы жобаның маңыздылығына аударып, Президенттік жастар кадр резервіүздіктердің қатарына қосылып қана қоймай,мемлекеттік аппаратты дамытуға өз үлесін қосудың бірегей мүмкіндігі екенін атап өтті.

–Жыл сайын жобаны іске асыру тәртібінің одан әрі жетілдіріліп отыратыны қуантады. Мысалы, бұл іріктеудің ерекшелігі– нақты салалардағы кадрларға деген қажеттілік ескеріледі, бұл болашақта кадрлық тапшылықты болдырмауға және мемлекеттік аппаратты барынша кәсібилендіруге мүмкіндік береді. Бәрінен де үміткерлердің басшылық лауазымдарға орналасу үшін емес, өз елі мен халқына пайда әкелу үшін резервке кіруге ұмтылуы маңызды, – деп атап көрсетті бұл орайда, департамент басшысы.

Департаментте жақын арада орталық мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелерінің және аудан, қала мен ауылдардағы жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік қызметшілерімен, квазимемлекеттік сектор мен бюджеттік ұйымдардың қызметкерлерімен кездесулер жоспарлануда.

 Жазира СЕЙІТМАҒАНБЕТОВА,
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері
агенттігінің Ақмола облысы бойынша
 департаментінің ресми өкілі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар