Тағылымға толы мерекелік кеш

Қоғамдық даму орталығының ұйымдастыруымен Қазақстан халқы тілдері күні мерекесіне орай, «Тіл – татулық  тірегі» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

Игі шараның мақсаты– мемлекеттік тіл мәртебесін көтеру, Қазақстан мемлекетінде тұратын барлық ұлт өкілдерінің тілдері мен мәдениетін дамытып, қоғамда ынтымақ пен бірлікті қалыптастыру, өскелең ұрпақтың  тілге деген құрметсезімдерін, еліне, Отанына деген сүйіспеншілігін арттыру.

Мерекелік жиынғаішкі саясат басқармасы басшысының орынбасары  Жандәулет Қылышбаев, «Қоғамдық келісім» КММ басшысы Ермек  Нұғыманов, «Қоғамдық даму орталығы» мекемесі басшысының міндетін атқарушы Айдар Қожабаев, «Ел бірлігі» ҚБ төрағасы Бақыт Смағұл, Ақмола облысының өзбек этно-мәдени орталығы» ҚБ мүшесі, «Жастар ассамблеясы» белсендісі Мафтуна Нажиева және Қазақстан халқы Ақмола Ассамблеясының, оқу орындары мен БАҚ өкілдері қатысып, мерекеге орай өздерінің ізгі тілектерін білдірді.

Бүгінде елімізде Қазақстан халқы тілдер күніне байланысты он күндік апталығы бастау алды. Осыған орай, қоғамдық даму орталығының ұжымы мерекелік шара аясында тіл жанашырларының басын қосып, мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейту, оның мәртебесі мен маңыздылығын кеңінен насихаттау, сондай-ақ, елімізде тұратын өзге ұлт өкілдерінің тілі мен мәдениетін, тарихы мен салт-дәстүрін дәріптеп, құрметтеуге шақырды.

Айтулы шарада барынша мемлекеттік тілімізге деген құрмет пен ізгі тілектер айтылды. Ұлттың сақталуына да, жоғалуына да себеп болатын нәрсенің қуаттысы – тіл. Тіл бар жерде ұлт бар. Тіл – бірлігіміз бен ынтымағымыздың, тұтастығымыз бен тәуелсіздігіміздің кепілі.

Тәуелсіз еліміздің қоғамдық өмірінде өзгеше орын алған мереке барша ұлт өкілдеріне ортақ. Тіл біздің тұтастығымыз бен бірлігіміздің нышаны. Осы орайда, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың: «Қазақ тілінің мемлекеттік тіл ретіндегі рөлі күшейіп, ұлтаралық қатынас тіліне айналатын кезеңі келді деп есептеймін» деуінде көп мағына жатыр. Халқымызда «Тіл – ұлттың тірегі» деген даналық сөзі бар. Ендеше, тілімізге тіреу, тәуелсіздігімізге сүйеу болайық.

Мерекелік іс-шараәр ұлт өкілдерінің қатысуымен концерттік бағдарламаға ұласты. Тағылымды кеш Қазақстан Республикасындағы барлық ұлттар мен ұлыстардың достастығына өз үлесін қосады деген ойдамыз.

Айғаным ҚАЙЫРБЕКОВА,
«Қоғамдық даму орталығы» мекемесінің маманы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар