Сарбаздар тіл қасиетін сезінді

Көкшетау қалалық орталық үлгілі кітапханасында 5510 әскери бөлімі сарбаздарының қатысуымен «Мемлекеттік тіл – менің тілім» атты іс-шара өтті.

Іс-шара барысында келген қонақтарға тіл туралы видео, слайд көрсетіліп, кітапхана қызметкерлері көрме ұйымдастырды.  Кеш соңында әскери бөлімнің тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстар бөлімшесі бастығының мемлекеттік тілді енгізу жөніндегі аға көмекшісі, аға лейтенант Бауыржан Нұрғалиев іс-шараға қатысушы сарбаздарға «Ана тілі – ананың ақ сүтімен әр қазақ баласының бойына сіңген тіл екенін, ана тілі арқылы ғана біз халқымызды, Отанымызды танып білетінімізді, әр адамның қасиеті – өз халқын, өз атамекенін қалай сүюімен, өз ана тілін қалай білуімен өлшенетінін, әркімнің тілге деген құрметін өз анасына, өз ұлтына, өз Отанына деген құрметінен білуге болатынын, өз ана тілін ұмытқан адам өз халқының өткенінен де, болашағынан да қол үзетінін түсіндіріп, осыны жастар түсінсе екен» – деп тілегін айтты.

Іс-шара қазіргі жаһандану кезеңінде еліміздің ақпараттық кеңістігін әлемдік стандарттарға сай кеңейте отырып, мемлекеттік тілді ұлттық қауіпсіздіктің маңызды бір нысаны ретінде жетілдіруді және қорғауды қамтамасыз еткеніміз абзал екендігін көрсетті.

Рүстем ӘУБӘКІРОВ,
Көкшетау қалалық орталық үлгілі кітапханасының қызметкері.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар