Шаруашылықтардың субсидияларды уақытылы алуына жеңілдіктер қарастырылды

Қазақстан РеспубликасыМемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті мониторинг қорытындысы бойынша мемлекеттік аппаратты бюрократиядан арылтушеңберінде өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруды субсидиялау көлемін бекіту рәсімін жеңілдету жөнінде ұсыныс енгізді.

Бұған дейін қазақстандық шаруалар субсидияларды уақытылы ала алмай жүргендерінмәлімдеген болатын.Мәселені зерделеу барысында оның пайда болу себептері анықталды. Заңнамада шешім қабылдау рәсіміне қойылатын негізсіз жоғары талаптарға байланысты облыстық әкімдік пен ауыл шаруашылығы басқармасы субсидиялар көлемін бекіту туралы қаулыларды әзірлеуге, келісуге, қабылдауға және әділет органдарында тіркеуге мәжбүр болды.

Осылайша республика бойынша жергілікті атқарушы органдар өсімдік шаруашылығы өнімінің өнімділігі мен сапасын арттыруды субсидиялау қағидаларында айқындалғанындай, жыл сайын ақпан айына дейін тиісті қаулылар қабылдап үлгермейтін. Салдарынанкәсіпкерлер әкімдіктердің шешімдері әділет органдарында тіркегенге дейін субсидиялауға өтінім бере алмай, егістікке дейін субсидия ала алмай отырған.

Мемлекеттік аппаратты бюрократиядан арылтудың негізгі қағидаттарының бірі – мәннің нысаннан басымдығы, яғни, нақты және өлшенетін нәтиженің оған қол жеткізу нысанынан үстемдігі. Бұл жағдайда нормативтік-құқықтық актілердің талаптарына байланысты мемлекеттік органдар түпкілікті нәтижеге, яғни кәсіпкерлердіуақтылысубсидиялауға зиянкелтіреотырып, келісу, талқылау, қаулынытіркеурәсімдері сияқты жұмыс нысанынатымкөпресурстаржұмсаған.

Осыған байланыстыдепартамент мониторинг барысында көтерілген кәсіпкерлердің проблемалық мәселелері негізінде шаруаларға субсидияларын уақытылы төлеуді қамтамасыз ету үшін жоғары тұрған органдарға әкімдіктің мұндай қаулыларын әділет органдарында тіркеу рәсімін алып тастау қажеттігі туралы ұсыныстар енгізді.

Сөйтіп, бүгінгі күні Әділет министрлігі нормаларды, нормативтерді, мөлшерлерді бекіту туралы Нормативтік-құқықтық актілерді әділет органдарында мемлекеттік тіркеуге жатпайтын нормативтік құқықтық актілер тізбесіне енгізді, бұл субсидиялар көлемін бекіту туралы әкімдіктердің қаулыларын қабылдау тәртібін айтарлықтай жеңілдетеді және мерзімдерін қысқартады.

Бұл өзгерістер бүкіл ел бойынша шаруашылықтардың субсидияларды уақытылы алуына оң ықпал етеді деп күтілуде.

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің
Ақмола облысы бойынша департаменті.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар