Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментібекітілген жоспарға сәйкес мемлекеттік органдарда жұмыс уақыты режимін сақтау бойынша мониторинг жүргізді.
Мәселен, Ақмола облысының Жер ресурстарын басқару департаментіне, ветеринария, дін істері, табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармаларында мониторинг жүргізу барысында мемлекеттік қызметшілердің жұмыстантыс уақытта жұмыс орнында болу бойынша жекелегенфактілері анықталды.
Жұмыс уақыты режимінің сақталуына жүргізілген мониторинг нәтижелері тоқсан сайын жұмыс уақыты режимінің бұзылуының алдын алу және оған жол бермеуді қоса алғанда, тиісті шаралар қолдану үшін мемлекеттік органдарға жолданды.
Жұмыс берушінің не қабылдаушы тараптың Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасында көзделген жұмыс уақытының және күнделікті жұмыстың (жұмыс ауысымының) қалыпты және қысқартылған ұзақтығын заңсыз асыруы үшін Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 89-бабында әкімшілік жауаптылық көзделгенін еске саламыз.
Бұл ретте, егер жұмыстан тыс уақытта не демалыс және мереке күндері жұмысқа шығудың қызметтік қажеттілігі туындаса, онда жұмыскердің жазбаша келісімін алу және қолданыстағы заңнамаға сәйкес тиісті бұйрық шығару қажет. Мұндай жағдайларға уәкілетті органдардың жедел реакциясын талап ететін эпидемиологиялық, төтенше, табиғи, техногендік жағдайлар, дүлей зілзалалар және басқалар жатады.
Үстеме жұмысқа, демалыс және мереке күндері жұмысқа тартылатын мемлекеттік қызметшілерге еңбек заңнамасына сәйкес демалыс күндері (сағаттары) беріледі немесе жұмыс мемлекеттік қызметшілердің еңбегіне ақы төлеу жүйесіне сәйкес өтеледі.
Ақмола облысының мемлекеттік қызмет істері департаменті.