Есімізде. Ол – ұлағатты ұстаз еді!

Зәуре Екпінқызы Сүлейменова1963 жылы Ақмола облысы, Зеренді ауданы, Жаңауыл ауылында дүниеге келді. 1980 жылы осы аудандағы Еленовка орта мектебін бітіріп, 1980-1985 жылдары Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетаупедагогикалық институтының физика-математика факультетінде, 2010-2012 жылдары «Педагогика және  психология» мамандығы бойынша магистратурада  білім алды.  Алғашқы ұстаздық еңбек жолын Еленовка орта мектебінде математика пәнінің мұғалімі болып бастады.

Ал, 1990-2005  жылдар аралығында Ж.Мусин атындағы Көкшетау қазақ педагогика колледжінде оқытушы болып қызмет атқарды.  Колледжде математика, педагогика пәндерінен сабақ беріп, оқыту процесінде этнопедагогика элементтерін пайдалану мәселелерімен айналысты. Осы жылдары оқу-тәрбие процесін дамыту мен жетілдіруге қосқан зор үлесі үшін «Қазақстан Республикасы білім беру ісінің үздігі» төсбелгісімен марапатталған.

Одан әрі 2005 жылдан бастап, Зәуре Екпінқызы Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті, Педагогика және психология кафедрасында  аға оқытушы болып жұмыс істеді. Педагогикалық қызметте болған 35 жыл ішінде республикалық және шетелдік баспасөз беттерінде, ғылыми-практикалық конференция материалдарының жинақтарында, ғылыми-әдістемелік журналдарда 80-нен астам мақаласы жарыққа шықты.

«Педагогика» және «Білім берудегі менеджмент» пәндерінен электронды оқулықтар мен видео-дәрістер, жұмыс дәптерлерін құрастырды. Педагогикалық мамандыққа кіріспе, педагогика, тәрбие жұмысының теориясы мен әдістемесі, этнопедагогика, этнопсихология, білім берудегі менеджмент, педагогиканы оқыту әдістемесі, бағалаудың өлшемдік технологиясы, кросс-мәдени психология, психодиагностика негіздері пәндерінің оқу-әдістемелік кешендерін, «Психология» мамандығы студенттерінің практикасы бойынша әдістемелік құрал, педагогика пәнінен тест жинағын құрастырған. 2022 жылы авторлық бірлестікте «Жоғары оқу орындары студенттерінің этнопедагогикалық құзыреттіліктерін қалыптастыру»  монографиясын шығарды. Кафедраның оқу-әдістемелік жұмысын ұйымдастыруға белсене араласып,  «Педагогика және психология» мамандығының білім беру бағдарламасының жетекшісі болды.

Осы елеулі еңбегі үшін 2018 жылы университет ректорының Құрмет грамотасымен, 2019 жылы оқу-әдістемелік жұмыстар проректорының мадақтамасымен марапатталды.

«ZIAT» ғылыми әдістемелік орталығы ұйымдастырған «Заманауи сабақ: жаңа әдістер мен инновациялар» атты республикалық педагогтар сайысында ІІ орынға, Қазақстан педагогтар қауымдастығының ұйымдастыруымен өткізілген республикалық «Үздік-педагог – 2020» байқауының үздікдипломына ие болды және «Үздік педагог» төсбелгісімен марапатталды.

Ұлағатты ұстаз Зәуре Екпінқызы әріптестері мен студенттері арасында өзінің іскерлік қатынастарымен, жоғары мақсатқа ұмтылысы, жауапкершілігі, жұмысқа белсенділігі мен ынталылығы және жеке басының қарапайымдылығы мен бауырмалдылығы  сияқты жақсы қасиеттерімен есте қалары сөзсіз.

Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті,
педагогика және психология кафедрасының ұжымы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар