Аңшы болсаң тәптіп сақта

Өңірлік коммуникациялар қызметінде облыстық төтенше жағдайлар департаменті Азаматтық қорғаныс басқармасының бастығы Жанат Асылбековтың қатысуымен брифинг болып өтті. Онда, Ақмола облысының су айдындарында аң аулау мен балық аулаудың күзгі маусымы кезінде адам өліміне жол бермеу бойынша өткізілетін іс-шаралар туралы да ақпараттар берілді.

– Адам қауіпсіздігі – маңызды міндеттердің бірі және өміріміздің ажырамас бөлігі. Сондықтан да департамент облыстың су айдындарында адамдардың өліміне жол бермеу бойынша профилактикалық іс-шаралардың орындалуын қамтамасыз етеді, – дейді  Жанат Сапарғалиұлы. Ақмола облысында демалыс және балық аулау үшін пайдаланылатын 754 су қоймасы бар. Оның 605-і табиғи, 149-ы жасанды. 524 балық аулауға арналған су айдындары қамтылған. Қазіргі уақытта, аңшылық және балық аулау маусымына байланысты 4 қыркүйектен бастап, өңірлерде балық аулау әуесқойларының су айдындарына баруы белсенді түрде басталған. Судағы жазатайым оқиғалардың алдын алу мақсатында, күзгі аңшылық және балық аулау маусымы басталғалы басқарма полиция департаментінің (ПД) аумақтық бөлімшелерімен бірлесе отырып, 1268 рейд және патрульдік іс-шаралар өткізілген. Көліктік бақылау инспекциясымен бірге 153 рейд жүргізіліп, оның барысында шағын көлемді қайықтардың техникалық жағдайы тексерілген. Судағы адам өлімінің алдын алу шаралары аясында радиода, теледидарда үш мыңнан астам әңгімелесу, сегіз мыңдай үгіт-насихат материалдары таратылып, әлеуметтік желілерде 248 бейнеролик, жарияланымдар мен интернет-ресурстарында 304 және баспада 76 мақала жарияланған. Аңшылық және балық аулау маусымында адам өлімінің алдын алу бойынша барлық шаралар кешеніне қарамастан, соңғы 3 жылда облыстың су қоймаларында сегіз жазатайым оқиға тіркелген. Өлімнің негізгі себептері шағын қайықтарда балық аулау кезінде жеке құтқару құралдарын пайдалануға немқұрайлы қарау болып табылған.

Сондай-ақ, облыста аңшылық және балық аулау құралдарын сататын 41 дүкен және аңшылық пен балық аулауды бақылау бойынша 58 «аңшылар ұйымы» жұмыс істейді, олармен күзгі балық аулау маусымында қауіпсіздікті ұйымдастыру мәселелері бойынша ынтымақтастық орнатылып келген. Және де, қазіргі уақытта WhatsApp мобильді қосымшасы адамдар арасындағы ұжымдық байланыс үшін белсенді түрде қолданылады. Аңшылар мен балық аулаушылар да тыс қалмай, облыстың әр аймағында аңшылар мен балықшылар топтары ашылған, онда қауіпсіз балық аулау туралы WhatsApp хабарламаларын жіберуге болады. Осыған байланысты ауа райы болжамын және судағы өзін-өзі ұстау ережелерін көрсететін мәтіндік SMS хабарламалар әзірленген. Пилоттық жоба ретінде 400 абоненті бар топ құрылып, оған 12 SMS хабарлама жіберілген. Бұл әдістерді қолдану аңшылардың ең көп санына жетуге мүмкіндік береді, бұл өз кезегінде адамдардың суда өлу ықтималдығын азайтатыны айтылған.

Аталған маусым кезінде аңшылар мен балықшылар келесі ережелерді ұмытпағаны дұрыс. Олар аң аулауға немесе балық аулауға барар алдында отбасыңыз бен достарыңызға орналасқан жеріңіз туралы ескерту, жеке құтқару құралдарын пайдалану, түнде балық аулауға және аң аулауға болмайтынын ескеру, балық аулауды бастамас бұрын таңдалған орынды тексеру, алкогольді және есірткіні пайдалануды болдырмау, төтенше жағдай кезінде 112 телефоны бойынша құтқару қызметіне хабарласу сынды сақтандыру ескертпелері болып табылады.

Мұхамет ТІЛЕУБАЙ,
«Арқа ажарының» өз тілшісі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар