От өртке айналмасын

Өңірлік коммуникациялар қызметінде Ақмола облыстық Төтенше жағдайлар департаменті (ТЖД) Мемлекеттік өрт бақылау басқармасының басшысы Думан Дәлешовтің қатысуымен «2023-2024 жылғы жылыту кезеңінің өту барысы туралы» брифинг болып өтті.

Осы жылдың 1-20 қазаны аралығындағы жылыту кезеңінде облыс бойынша тұрғын үй секторларында 38 өрт оқиғасы тіркеліп, екі адам қаза тапса, екі адам зардап шеккен. Бір адам көмірқышқыл газынан уланған. Өрттердің ең көп саны ескі үйлердің электр сымдарының тозуы, электр сымдарын рұқсатсыз орнату кезінде ережелерді бұзу, пештер мен мұржалардың дұрыс жұмыс істемеуімен байланысты болған. Көбінесе адамдар ойланбастан, өрт қауіпсіздігі ережелерін елемей, электр сымдарын жанғыш құрылыстар арқылы жүргізу, пештің мұржаларын жанғыш материалдармен қаптау сияқты жақсы тұрмыстық жағдай жасау және жақсарту жұмыстарын жүргізеді. Бөлмелерді, үй-жайларды және тұрғын үйлердің қасбеттерін безендіру үшін қолданылатын құрылыс материалдары жанудың тез таралуына ықпал етеді. Ағымдағы жылдың 15 тамызы мен 15 қыркүйегі аралығында тұрғын үй секторларында өрт қауіпсіздігі айлығы ұйымдастырылып, нәтижесінде халықтың жеті мыңнан астам әлеуметтік осал топтарына мақсатты өрттің алдын алу жұмыстарымен қамтылған. Және де 16 қыркүйек пен 16 қазан аралығындағы өрт қауіпсіздігі айлығының екінші кезеңі жарияланып, онда бұрын анықталған бұзушылықтарды жоюды тексеру үшін халықтың әлеуметтік осал топтары санатындағы азаматтардың тұрғын үйлеріне қайтадан профилактикалық жұмыстар жүргізілген. Ал, 15 тамыздан 16 қазан аралығында осындай жұмыстармен автономды жылыту жүйесі бар 99 мыңнан астам жеке тұрғын үйлер қамтылып, нәтижесінде 230 мыңнан астам адам профилактикалық жұмыстарға тартылған. Жұмыс барысында тұрғындармен 315 жиын ұйымдастырылып, БАҚ-та 1759 материал, әлеуметтік желіде – 545, дыбыстық құрылғылар арқылы 3299 қоңырау шалынған. Жалпы, департамент қызметкерлері 100 мыңнан астам үйді аралап, онда төрт мыңға жуық өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзу фактілері анықталған. Негізгі бұзушылықтар автономды жылыту жүйелеріне қатысты бұзушылықтар және электр желілері мен электр жабдықтарының жұмысына байланысты бұзушылықтар болып табылған.

– Айта кету керек, өрттің көпшілігі дәл жоғарыда аталған себептерден туындайды. Жүргізіліп жатқан мақсатты профилактикалық жұмыстармен қатар тұрғын үйлерге 1343 датчик орнатылды. Біз өз тарапымыздан азаматтарға өрттің алдын алудың маңызды шарты – қатаң қауіпсіздік екенін ескертеміз. Ең алдымен, электр сымдарын жақсы күйге келтіруді және жылыту пештері мен жабдықтарын жөндеуді, мұржа мен пеш құрылымындағы кез-келген жарықтарды, саңылауларды жабу және әктеуді ұсынамын, – дей келе басқарма басшысы, бірқатар өрт қауіпсіздігі ережелеріне  тоқталып, «Үйде жасалған электр жылыту құрылғыларын пайдалануға жол берілмейді, бірнеше электр құрылғыларын бір желіге қосуға болмайды, бұл электр желісінің шамадан тыс жүктелуіне әкеледі, электр сымдарының, ажыратқыштар мен розеткалардың жұмысқа жарамдылығын бақылау қажет. Балаларды ересектердің қарауынсыз қалдырмаңыз. Барлық осы қарапайым талаптарды сақтау сіздің үйіңізді төтенше жағдайлардан, ал сіздің денсаулығыңыз бен жақындарыңыздың денсаулығын олардың зардаптарынан қорғауға көмектеседі, – деп сөзін аяқтады Думан Қайратұлы.

Мұхамет ТІЛЕУБАЙ,
«Арқа ажарының» өз тілшісі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар