Тұтынушылардың өтініштері көп

Өңірлік коммуникациялар қызметінде Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция минстрлігі, Сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің басшысы Ерлан Әубәкіровтың қатысуымен «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы Қазақстан Республикасының Заңындағы жаңашылдық» атты брифинг болып өтті.

– Жыл сайын тұтынушылардың өтініштерінің саны артып келеді. Егер департаментке 2020 жылы неб2рі 54 өтініш түскен болса, 2023 жылы 660 өтінішке дейін ұлғайды, – дейді сөз басында Ерлан Ермекұлы. Тұтынушылардың үлес салмағы бойынша шағымдарының ең көп саны бөлшек сауда саласында 41 пайызды көрсеткен болса, келесі кезекте тұрмыстык қызметтер 10 пайыз, электрондық сауда 21 пайызды құраған. Істердің нақты жай-күйінің фактілері тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласында керсетілмейді, өйткені барлық тұтынушылар бұзылған кұқықтарды қорғау үшін мемлекеттік органдар мен тұтынушылардың қоғамдық нысандарына  жүгінбейді. Тұтынушылардың құқықтарын қорғаудың тиімділігін арттыру тек мемлекеттік органдардың қызметіне ғана емес, тұтынушылардың құқықтарын қорғау жөніндегі мемлекеттік емес институттарға да байланысты. Олар қазіргі мораторий жағдайында ішкі нарықтағы сапасыз импорттық тауарлардың басты қорғаушысы болып табылады. Бірлескен жұмыс нәтижесінде импорттық өнімнің 4-ке жуық түрі (ірімшік, шұжық, сүт, тауық еті) зерттеліп, оның ішінде таңбалауды бұзу түрлері анықталған. «Біздің үкіметтік емес ұйымдардың белсенді қатысуынсыз, азаматтарымыздың құқықтарын тиімді қорғауға қол жеткізе алмас едік», деген департамент басшысының мәліметінше, негізгі жұмысы аясында жыл басынан бері заң бұзған кәсіпкерлік субъектілеріне екі миллион теңге көлемінде әкімшілік айыппұл салынып, тұтынушылардың пайдасына 52,0 миллион теңгеден астам қаржы өндірілген.

Сонымен бірге, Заң жобасымен ұсынылған түзетулер кәсіпкерлік жауапкершілік және тұтынушылардың құқықтарын қорғауды арттыруға бағытталған. Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасы тұтынушылардың құқықтарын қорғаудың төрт деңгейлі жүйесі жұмыс істейді. «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» Заңның бірінші кезеңінде тұтынушының құқығының бұзылуы туралы арызбен кәсіпкерге тікелей жүгіну құқығы қарастырылған. Егер кәсіпкер талап арызды тұтынушының пайдасына шешпесе, екінші кезең – медиаторға немесе арбитрге жүгінуге болады. Соттан тыс келісімге келмеген жағдайда, үшінші кезең – тікелей мемлекеттік органға, яғни, департаментке жүгіне алады. Ал, төртінші кезеңде ғана тұтынушы сотқа жүгінуге құқылы. Келесі негізгі өзгерістерді атап өтсек, тұтынушылардың құқықтарын қорғаудың төрт сатылы алгоритмін реформалау; шағымдармен жұмыс істейтін, кеңес беретін, осы саладағы мемлекеттік мекемелерді үйлестіретін және нормативтік-құқықтық актілердің жобаларын әзірлеуге қатысатын тұтынушылардың құқықтарын қорғау жөніндегі Омбудсмен институтын енгізу; Заң жобасы кәсіпкерлерге жүгінген кезде құқықтары бұзылған және сотқа дейінгі сатыда шешілмеген тұтынушының пайдасына сотпен айыппұл түрінде салынған кәсіпкерге азаматтық-құқықтық жауапкершілікті енгізуді көздейді; тұтынушылардың құқықтарын барлық салаларда қорғау мақсатында тұтынушылардың құқықтарын қорғау қағидаларын тұрғын үй-коммуналдық тұтыну, байланыс, туризм, мәдениет, сауда, көлік және тұтынуға қызмет көрсетудің басқа да салаларына кеңейту ұсынылады; тұтынушылардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша мемлекеттік органдарды сала аралық үйлестіру де күшейтілетін болады. Кәсіпкерлер тұтынушылардың құқықтарын сақтамаса, кәсіпкерлерге айыппұл салу ұсынылып отыр. Айыппұл тұтынушының шағым сомасының 10-нан 50 пайызын құрайды. Оның үстіне талап мөлшері аз болған сайын, айыппұл көлемі де көп болады, бұл кәсіпкерлерді өз еркімен және жедел әрекет етуге ынталандырады.

Бүгінгі таңда ішкі нарықта азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету – Мемлекет басшысының алға қойған басты міндеті. Бұл мақсатқа жету тұтынушылардың, қоғамдық институттардың, бұқаралық ақпарат құралдарының қатысуымен мүмкін болатыны анық. Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрлігі «Сапалы өнім» Заң жобасында тұтынушылардың құқықтарын қорғау жөніндегі мемлекеттік институттардың рөлін арттыру, оның ішінде осы салаға Омбудсмен институтын енгізу ұсынылған. Сондай-ақ, онда «тұтынушылардың қоғамдық бірлестіктеріне ішкі нарықтың қоғамдық мониторингі шеңберінде тауарлардың үлгілерін таңдау және қызметтерді сатып алу құқығы беріледі. Тұтынушылардың құқықтарын қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемелердің белгісіз тұлғаларды қорғауға талап-арыз беру мүмкіндігі енгізіледі», делінген.

Мұхамет ТІЛЕУБАЙ,
«Арқа ажарының» өз тілшісі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар