Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы биылғы Құрбан айт мерекесін 27-29 мамыр аралығында белгіледі

Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Ақмола облысы бойынша бас имамы Қуаныш Жұмабайұлы Сәбит мәлімдеме жасады.

– Құрбан айт – тек діни мереке ғана емес, ол – бірлік пен бауырмалдықтың, қайырымдылық пен мейірімнің мерекесі. Осыған орай, еліміздің барлық мешіттерінде «Құрбан айт – ұлық мереке» тақырыбында рухани-мәдени іс-шаралар ұйымдастырылады. Облыстық, қалалық және аудандық мешіттердің аулаларында ұлттық спорт түрлерінен жарыстар өткізіліп, мәдени-рухани кештер өткізіледі.

Сонымен қатар, бас имам барлық мұсылмандарды құттықтай отырып, құрбан айтты халқымыздың ата дәстүрімен, ұлттық нақышпен өткізуге шақырды. Себебі, бұл мереке дін мен дәстүр сабақтастығын дәріптеудің жарқын көрінісі деп саналады.

Ал, кәсібін өрге домалатып отырған іскер азаматтарды халықтың әлеуметтік жағдайын ескеріп, құрбандық малдарының бағасын негізсіз көтермеуге, азық-түлік бағасына мүмкіндігінше жеңілдік жасауға үндейтінін айтты. Себебі, Құрбан айт – өзара жанашырлық пен қамқорлықты арттыратын ізгі мейрам.

Бейбарыс ШАЛАБАЕВ,
«Арқа ажарының» өз тілшісі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар