Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Егіндікөлге су келді ! - АРҚА АЖАРЫ

Егіндікөлге су келді !

Президенттің тапсырмасы орындалды

Егіндікөл, Қорғалжын және Атбасар аудандарын ауыз сумен қамтамасыз ету мәселесін шешу ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың облыс әкімін тағайындау кезіндегі алғашқы тапсырмаларының бірі болатын. Осы өзекті мәселені шешу үшін облыс әкімі Марат Ахметжановтың басшылығымен арнайы комиссия жұмыс істеді. Егіндікөлге су келді! Президенттің тапсырмасы орындалды!

 Егіндікөл ауданының тұрғындарына магистральдық желілердегі апаттарға байланысты ауыз су беруде іркілістер орын алды. Ағымдағы жылдың мамыр айында жергілікті маңыздағы төтенше жағдай жарияланды деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Өңір басшысы Марат Ахметжановтың басшылығымен комиссия құрылды. Комиссияның құрамына Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрінің орынбасары, Су ресурстары комитетінің төрағасы, Қорғалжын, Егіндікөл аудандарының әкімдері, облыстық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасының басшысы, Нұра топтық су құбырының өкілдері және басқа да мүдделі адамдар кірді. Желінің жаңа учаскелерін негізгі учаскелерге қосу бойынша нақты іс-қимыл жоспары әзірленіп, қосылу мерзімі келісілді.

16 қыркүйекте облыс әкімінің шақыруымен ауданға Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов келді. Сол жерде құбырдың тозығы жеткен магистральдық бөлігін ауыстыру технологиясын өзгерту туралы жедел шешім қабылданды.      Ұзындығы 337 шақырымды құрайтын су құбыры Егіндікөл, Қорғалжын және Атбасар аудандарының 24 елді мекенін сумен жабдықтаудың негізгі көзі екендігін атап өту қажет.

Су құбырын жаңғырту жалғасуда. Ол жерде екі мердігер ұйым жұмыс істеуде. 42 шақырым ор қазылды. 11,2 шақырымнан астам құбыр төселді. Оның ішінде ұзындығы 6 шақырым қолданыстағы полиэтилен құбырын қайта кесу арқылы 5,5 шақырымы ауыстырылып, пайдалануға берілді. Осы жұмысқа байланысты негізгі Сабынды су құбырынан 11 шақырым қашықтықтағы магистральды су құбырындағы мәселе оңынан шешілді. Егіндікөл ауылына жеті айдан кейін ауыз су беру басталды.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар