Қазақстан Республикасы Еңбек және халықтың әлеуметтік қорғау министрлігі 2024 жылғы Жаңа жыл мерекесінде қанша күн демалыс болатынын түсіндіріп берді.
Жаңа 2024 жылға арналған ресми демалыс күндері – 1, 2 қаңтар. 2023 жылдың соңғы сенбі-жексенбісі 30 және 31 желтоқсанға сәйкес келеді. Осылайша, аптасына 5 күн жұмыс істейтін қазақстандықтар 4 күн қатарынан демалысқа шыға алады.
Ал алты күндік жұмыс аптасындағылардың сәл жолы болмады: 30 желтоқсанда жұмыс істеуге тура келеді.
Содан кейін 3,4,5 қаңтар – жұмыс күні. Ал 7 қаңтар – Рождество мерекесі жексенбі болғандықтан, қосымша демалыс күні берілмейді. Сәйкесінше, 5 күн жұмыс істейтіндер 6,7 қаңтарда әдеттегідей демалады.