Жұмыс сапары аясында Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов Біржан сал ауданының әлеуметтік және өндірістік нысандарын аралады.
Сапар Үлгі ауылына барудан басталды, онда өңір басшысы ауылдық клубтың қызметімен танысты. Ғимарат 1978 жылы пайдалануға берілген, жалпы ауданы 831 м2.
Ғимаратта ауылдық модельдік кітапхана орналасқан. Сондай-ақ, «Асыл дария» вокалдық тобы мен шығармашылық үйірмелер жұмыс істейді.
2018 жылы ғимаратқа, қасбетіне, жылу жүйесіне жөндеу жұмыстары жүргізілді. Бүгінгі таңда ғимаратты күрделі жөндеу қажет.
Аудан әкімі Достанбек Есжанов атап өткендей, мәдениет үйін күрделі жөндеуге ЖСҚ әзірленді, осы жобаны іске асыру үшін ақшалай қаражат бөлу қажет.
– Құрылысқа қаражат қарастырамыз. Мердігер ұйымның басшысымен кездесуді ұйымдастыру қажет, онда жөндеу, іске асыру мерзімдері, материалдар және т.б. мәселелер талқыланады. Инфрақұрылымдық нысандар кез келген елді мекеннің көрікті жері болуы тиіс, – деді М. Ахметжанов.
Келесі нысан – «Қазгер Құс» ЖШС. Құс фабрикасының негізгі қызметі – тауық жұмыртқасы, жұмыртқа ұнтағы, тауық еті, құрама жем өндірісі. Жобалық қуаттылығы жылына – 300 миллион дана тауық жұмыртқасы, 600 тонна құс еті.
Кәсіпорын ең озық заманауи жарақтармен жабдықталған. Өнімді сату еліміздің барлық өңірлерінде жүзеге асырылады.
Степняк қаласында «Қазгер Құс» ЖШС өз қаражаты есебінен 17 пәтерлі тұрғын үй салынды. Құрылыстың жалпы ауданы 1160 м2. Екі қабатты тұрғын үйде 14 екі бөлмелі және 6 бір бөлмелі пәтер бар.
Бұдан әрі облыс басшысы Степняк қаласын абаттандыру жұмыстарының барысымен танысты. Жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы қала әкімі Азамат Әутенов айтып берді.
– Елді мекенді абаттандырумен «Еңбек-Өскемен» ШЖҚ РМК мердігерлік ұйымы айналысады. Жобада кешенді абаттандыру көзделген, балалар, баскетбол, волейбол, гимнастика алаңдарын, саябақ аймағы, көгалдандыру және автомобильдерге арналған тұрақ салу үшін орындар белгіленген, – деді А.Әутенов.
Ақпаратты тыңдап, облыс әкімі мердігер ұйым өкілдеріне жұмыстардың сапасын және құрылыс мерзімдерінің сақталуын қамтамасыз етуді тапсырды.
Өңір басшысы Степняк қаласының орталық қазандығына барды.
Ауданның тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінің басшысы Денис Езовтың айтуынша, бұл нысан 2009 жылы пайдалануға берілген. Жобалық қуаты 5,1 Гкал/сағ, жылытылатын қуаты — 16 100 м2, жылу желілерінің ұзындығы — 2605 м, қызмет көрсететін абоненттер саны — 152.
Сапар емханамен біріктірілген 21 пәтерлі тұрғын үй мен аудандық аурухананың құрылысын таныстырумен жалғасты.
Соңында Марат Ахметжанов №1 жалпы білім беретін мектепке барды. Оқу мекемесінде 454 бала оқиды. 2 жастан 5 жасқа дейінгі
50 баланы қамтитын шағын орталық бар. Мектепте жақсы материалдық-техникалық база қалыптасқан.
Мектеп директоры Махаббат Мырзағұлованың айтуынша, биыл күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізуге қаражат бөлінген. Мердігер – «Град Строй Сервис» ЖШС. Электр жүйесін, терезелерін, асхананың шатырын толық жаңарту, есіктерін ішінара ауыстыру бойынша жұмыстар жүргізілді. Жұмыстардың бір бөлігі 2024 жылға ауыстырылды.
Жұмыс сапарын қорытындылай келе, облыс әкімі белгіленген мерзімдерді сақтаудың маңыздылығын атап өтіп, аудан әкімдігінің өкілдеріне тиісті тапсырмалар берді.
Сапар барысында өңір басшысы аудан тұрғындарымен кездесті. Біржан сал ауданының әкімі Достанбек Есжанов өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы баяндады.
Облыс басшысы аудан басшылығының алдына бірқатар міндеттер қойды, оның ішінде – өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі көрсеткіштерін орындау бойынша жұмысты жандандыру, инвестициялық жобаларды дамыту.
– Біз ауданның проблемалары туралы хабардар болдық. Ауданға қаражат бөлінеді. Бүгінгі таңда, ең алдымен, халықтың әл-ауқатын жақсарту үшін шешілуі қажет проблемаларға қаржыны дұрыс жоспарлай және жұмсай білуіміз керек. Аудан әкіміне салынып жатқан объектілердің құрылыстарын жеке бақылауына алуды тапсырамын, – деп түйіндеді облыс әкімі.
Халықпен кездесуден кейін азаматтарды жеке қабылдау өткізілді.
«Арқа ажарының» өз ақпараты.
Біржан сал ауданы.