Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Теңге – ел тәуелсіздігінің экономикалық негізі - АРҚА АЖАРЫ

Теңге – ел тәуелсіздігінің экономикалық негізі

Осыдан 30 жыл бұрын қазақтың Ұлттық валю­тасы – Теңге айналымға шық­қан­да көңіліміз таудың тө­ріне барып қонғандай күйді кеш­ке­німізді әлі күнге дейін ұмыт­қан жоқпыз. 15 қараша Қазақстанның Ұлттық валюта күні және қаржыгерлердің кәсіби мерекесі атанды. Ақмола облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің қызметкерлері кәсіптік мерекені жақсы көрсеткіштермен қарсы алды.

Ағымдағы жылдың 10 айы қорытындысы бойынша мемлекеттік бюджетке 505,9 миллиард теңге түсті. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 244,4 миллиард теңгеге артық. Мұның барлығы мемлекеттік кірістер департаменті мамандарының еселі еңбегінің нәтижесі.

Салықтық және кедендік әкімшілендіру аясында қосымша резервтерді анықтау нәтижесінде 29,5 миллиард теңгеден астам қаржы қамтамасыз етілді, оның ішінде осындай бөлімдер бойынша жер қойнауын пайданушыларды әкімшілендіру – 6,2 миллиард теңге, қамералдық бақылау – 9,6 миллиард теңге, резидент еместерді әкімшілендіру – 3,2 миллион теңге,  салықтық және кедендік тексерулер бойынша – 0,5 миллиард теңге, кедендік әкімшілендіру – 0,3 миллиард теңге,  ЕАЭО шеңберінде жанама салықтарды әкімшілендіру – 0,3 миллиард теңге, салық берешегін өндіріп алу 3,9 миллиард теңгені құрады.Департамент кеден бекеттерінде әр түрлі кедендік режимдерде 12 мың 308 тауар декларациясын ресімдеді, оның ішінде декларациялардың 72 пайызы жасыл дәлізде, яғни, лауазымды тұлғалардың қатысуынсыз жүзеге асырылды. Жыл басынан бастап 647 мың 742 мемлекеттік қызметтер көрсетілді, оның 99,6 пайызы электронды түрде көрсетілгенін атап өткен жөн.

1993 жылдың 15 қарашасынан бастап, біздің валютамыз көптеген өзгерістерге тап болды, алайда, Қазақстан халқы үшін құндылығы өзгермеді! Сонымен қатар, еліміздің қаржы саласын дамытуға Қазақстан Республикасы қаржы жүйесінің барша қызметкерлерінің баға жетпес үлесін атап өткіміз келеді. Барлық жоспарларыңыздың орындалуына және жетістіктерге жете берулеріңізге тілектеспіз! Сіздерге амандық, мықты денсаулық және баянды бақыт тілейміз! Мерекелеріңізбен!

Дулат НҰРМОЛДИН,
Ақмола облысы бойынша
мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар