Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Жобаны іске қосуды мерзімінен 213 күнге кешіктірген - АРҚА АЖАРЫ

Жобаны іске қосуды мерзімінен 213 күнге кешіктірген

Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжановтың тапсырмасы бойынша Ақмола облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы «Ақкөл қаласында (Бигелдинов көшесі) жол-көлік желісін реконструкциялау» жобасының сапасына тексеру жүргізді.

Тексеру барысында 2022 жылдың 16 тамызында «Дорстрой материал-ХХІ» ЖШС-мен екі жылға жалпы сомасы 1,320 миллиард теңгенің мемлекеттік сатып алу шарты жасалғаны анықталды.

Кестеге сәйкес, жұмыстың барлық түрлері және объектіні пайдалануға беру 2023 жылдың 14 қарашасына дейін жүргізілуі керек еді, бірақ, бүгінгі таңда жұмыстар тек 30-35 пайыз ғана орындалды, осылайша кестеден 213 күнтізбелік күнге артта қалуға жол берілді.

Сонымен қатар, мердігердің іс-әрекеттерінде объектіде атқарушылық-техникалық құжаттамаға сәйкес келмейтін кереғар келетін көптеген бұзушылықтар анықталды, төселген асфальттың еңісі жобалық шешімге сәйкес келмейді, жұмыстар жүргізу жобасы, жол белгілері, айналып өту сызбасы жоқ.

–Жоғарыда көрсетілген жұмыс кестесінің бұзылуы мердігерден Мемлекеттік сатып алу туралы шарттың 8.4-тармағында көзделген тәртіппен мерзімі өткен әрбір күн үшін тұрақсыздық айыбын өндіріп ала отырып, шартты біржақты тәртіппен бұзу, сондай-ақ, оны жосықсыз өнім беруші деп тану үшін негіз болып табылады. Тексеру нәтижелері бойынша бас мердігер «Дорстрой материал-ХХІ» ЖШС ҚР ӘҚБтК 312-бабының 1-бөлігі (жобадан ауытқу) және ҚР ӘҚБтК 315-бабы (құжаттаманың болмауы) бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Тексеру барысында анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқама берілді, – деп атап өтті облыстық ведомствода.

Сондай-ақ, «Жол активтері сапасының ұлттық орталығы» РМК қорытындысына сәйкес төселген асфальттың сапасы нормаларға сәйкес келмейді және қайта төсеуді қажет етеді.

«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар