Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Өр Алтай созды қолын жас ұланға - АРҚА АЖАРЫ

Өр Алтай созды қолын жас ұланға

Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінің студенттері академиялық доцент Карима Паритқызы Канитаеваның жетекшілігімен Шығыс Қазақстан облысында кешенді аймақтық тәжірибеден өтті.

Өте қысқа уақыт ішінде біз Көкшетау-Астана-Ерейментау-Бозшакөл-Екібастұз-Павлодар-Ақсу-Дегелең-Семей-Шар-Шарабай-Өскемен маршруты бойынша жүріп өттік. Осылайша 18 сағаттан соң Өскемен қаласына жеттік. Маршрут бойы біз ландшафттардың аймақаралық өзгеруін зерттедік. Қазақстанның әсем табиғатының өзгеру заңдылығын талдадық. Барлығы қызықты және танымды болды, бірақ, келесі оқиғалар ерекше есте қалды.

«Простор» жазғы экспедициялық кампусындағы алғашқы күніміз. Бұл кампус Бұқтырма су қоймасының жанында орналасқан. Айналасын тау шоқылары мен Ертіс өзені қоршап жатыр. Табиғатынан таңқаларлық аймақта орналасқан. Есте қалуының себебі, әрине, орналасқан жері мен табиғаты. Сонымен қатар, ерекше жадыңда қалатын жай, кампус жетекшісі мен қызметкерлерінің кеңпейілділігі мен мейірімділігі. Тек кампус аумағындағы адамдар ғана емес, толығымен Шығыс Қазақстан өңірі тұрғындарының адами қасиеттері мен кішіпейілділігі, қонақжайлығы және ерекше айта кететін қасиеті – жомарттылығы айрықша баурап алды.

Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетінің ректоры Сәуле Жәдігерқызы Рахметуллинамен кездесу де ерекше есте қалған оқиғалардың бірі. Сәуле Жәдігерқызының бізге берген пайдалы кеңестері мен позитивті ой-толғаныстары да біздің университетімізге деген жақсы достық көзқарасымен, шынайы жайдары мінезімен ерекшеленді.

Берел қорымы, Рахман қайнары, Қатон-Қарағай ұлттық табиғи паркі маршрутындағы саяхат есте қаларлық ерекше саяхат болды. Шығыс Қазақстан облысындағы үш бірдей ғажап асыл мұраны, табиғаты сұлу өңірді өз көзімізбен көрдік. Небары екі күн ішінде біз орналасқан кампустан Рахман қайнарына дейін 360 шақырым жол жүріп, 1760 метр биіктегі қайнарға көтерілген болатынбыз. Жол ұзақ болса да, біз саяхатымыздың нәтижесіне ерекше риза болдық. Алтай тауының қар басқан шыңдарын, таудан бастау алатын мөлдір суын, тау шыңымен бірдей ормандарын, Шығыс Қазақстан өңірінің қонақжай халқының ауылдарын, таулы аймақтағы құбылмалы ауа райын бақылап, керемет табиғат көріністерін тамашалап, есте қаларлық оқиғалардың куәгері болып қайттық.

Есте қалған сапарларымыздың  бірі – Бұқтырма су электр станциясына барған саяхатымыз. Берел қорымы, Рахман қайнарымен салыстырғанда, бұл өте тез әрі жақын, қол жетерлік арақашықтықта орналасқан сапар болды. Бұқтырма  су электр станциясы біз орналасқан кампусқа жақын тұр. Нақты айтатын болсақ, Серебрянск қаласы маңында Ертіс өзенінде орналасқан. Су электр станциясына біз судағы серуендеу қайығымен бірнеше минуттардың ішінде жеткен болатынбыз. Бұндай құрылысты өз көзіңмен көрген ерекше сезімге бөлейді екен. Бұл саяхаттан соң да көтеріңкі көңіл-күй мен қуанышқа толы сезімімізде шек болмады.

Осы кешенді тәжірибемізді қорытындылайтын болсақ, сұлу Алтай жеріндегі әр күніміздің бәрі де тамаша өтті. Әсіресе, Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетінің ректоры С.Ж.Рахметуллина мен «Мансап» орталығының жетекшісі С.А.Трофименко және «Простор» жазғы экспедициялық кампусының қызметкерлері мен иелеріне көптен-көп рахмет! Тәжірибеміздің ойдағыдай өтуіне жағдай жасап, қонақ ретінде күткендері үшін алғысымызды білдіреміз.

Бұл кешенді тәжірибемізден біздің жадымызда тек жылы естеліктер пен ерекше сәттер ғана қалды. Екі апта бойғы әрбір айтулы оқиға мен қызықты өткізілген уақытымыз үшін Аллаға шүкіршілігіміз шексіз. Өкініштісі, уақыттың тез зымырап өтуі. Бірақ , соған қарамастан, біз бұл сапардан ерекше әсер алдық. Біздің ойымызша, бұл тәжірибеміз күтілген нәтижелердің үддесінен шықты. Әрі осындай жан-жақтылықтың арқасында 2023 жылғы  кешенді аймақтық тәжірибеміз де сәтті өтті.

А.Әбутәліпова, С.Аманжолов, М.Амангелдина,
Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінің география-тарих мамандығының 3 курс студенттері.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар