Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Егін егіп, мал өсірген шаруа адамдарының еңбегі адал - АРҚА АЖАРЫ

Егін егіп, мал өсірген шаруа адамдарының еңбегі адал

Кеше Көкшетауда Ақмола облысының əкімі Марат Ахметжановтың қатысуымен ауыл шаруашылығы, тамақ жəне өңдеу өнеркəсібі қызметкерлерінің салтанатты жиналысы болып өтті. Өңір басшысы өзінің сөзінде ақмолалық аграршыларды табыстарымен құттықтап, ауыл шаруашылығы жəне өнім өңдеушілер алдында тұрған міндеттердің зор екендігін атап көрсетті.

Аталған салтанатты шараға ауыл шаруашылығы саласының қызметкерлері мен ардагерлері, сондай-ақ, осы саламен бірге біте қайнасып келе жатқан кəсіпорын-ұйымдар мен мекемелердің өкілдері қатысты.

– Құрметті ауыл шаруашылығы, тамақ және өңдеу өнеркәсібі қызметкерлері мен еңбек ардагерлері! Сіздерді кәсіби мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймын. Бұл мерекені атап өту дәстүрге айналды. Ақмола облысы еліміздің нарығын экологиялық таза және жоғары сапалы азық-түлік өнімдерімен қамтамасыз етуде. Бұл – ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің ерен еңбегі. Негізгі ауыл шаруашылығы жұмыстары аяқталғаннан кейін жермен айналысатын, мал бағатын және өндірілетін өнімді өңдейтін сіздерге үлкен алғысымызды білдіру үшін осындай мерекелік іс-шара ұйымдастырылып отыр, – деп облыс әкімі Марат Ахметжанов аймақтағы ауыл шаруашылығы жылының нәтижелеріне кеңінен тоқталып өтті.

2023 жылы агроөнеркәсіптік кешенді мемлекеттік қолдау 106,4 миллиард теңгені құрады. Биыл күзде дәнді және дәнді-бұршақты дақылдар 4,7 миллион гектар алқапта  бастырылды. Орташа өнімділік гектарына 6,4 центнер болып, 3 миллион тоннадан астам астық жиналды.

Сондай-ақ, аймақ басшысы өз сөзінде мал шаруашылығы саласына тоқталып: «Облысымызда мал шаруашылығын дамыту мәселесінде серпінді өзгерістер бар. Шаруашылықтарда жалпы өнім көлемі жыл сайын артуда. Соған қарамастан, осы саланың өркендеуіне ерекше назар аударуымыз қажет. Мал өнімдерін өндіруде өнімділігі жоғары озық технологияларды қолданатын субъектілер бәсекеге әрқашанда қабілетті болады. Бүгінгі таңда бізде өсірілетін асыл тұқымды малдың үлес салмағы 16 пайыз ғана. Ал, әлемдік тәжірибедегі дамыған елдердің ішінде бұл көрсеткіш 35 пайыздан жоғары. Сондықтан, біздің мал өсірушілер әрқашан осы деңгейге ұмтылуға тиіс» – деп атап өтті.

Сонымен бірге, Марат Ахметжанов облыстағы өндірісті жоғары деңгейде ұйымдастырған кәсіпорындар, үлгі тұтарлық фермалардың бар екенінде тілге тиек етіп, өзгеде ауыл шаруашылығы тауарларын өндіретін фермалар мен шаруа қожалықтарына солардан іс-тәжірибесін үйреніп, бірге жұмыс істеуді ұсынды.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Қазақстан халқына арнаған өз Жолдауында үш жыл ішінде агроөнеркәсіп кешенінде өндірілген өнім үлесін 70 пайызға ұлғайтуды тапсырған. Ал, бізде өкінішке орай, бұл көрсеткіш, осы жылғы 10  айдың қорытындысы бойынша алатын болсақ, 28 пайыздығана құрады. Осыған байланысты облыс әкімі салтанатты  жиындағы сөзінде берілген тапсырмаларды орындау үшін барлық шараларды қабылдау қажеттігін баса айта кетті.

Әрине, қол жеткізілген нәтижелер кездейсоқ еместігі белгілі. Бұл біздің ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерінің күнделікті және қажырлы еңбегі. Бұндай жетістіктер кәсіпорын басшылары мен мамандарына, өндірісте тікелей жұмыс істейтін барлық қызметкерлерге тиесілі. Адамдардың өмір сүру сапасын және әл-ауқатын жақсартуға бағытталған жұмыс еліміздің өркендеуіне нақты үлес болып қосылады.

Мерекелік шара соңында агроөнеркәсіп кешенінің озат қызметкерлерін марапаттау рәсімі барысында облысымыздың ауыл шаруашылығы, тамақ және өңдеу өнеркәсібінің 39 қызметкеріне Алғыс хаттар, медальдар мен төсбелгілер табыс етілді. «Еңбек ардагері» медаліне ауыл шаруашылығы саласының ардагері Бекболат Елбергенов, Қорғалжын ауданының «Туғанбек» шаруа қожалығының басшысы Қомар Ермұханов, Жақсы ауданының «Агрострой-1» серіктестігінің директоры Таласбек Уәлиевие болса, «Әлеуметтік жауапты кәсіпорын» аталымы бойынша Ақмола облысы әкімінің Алғыс хатымен Целиноград ауданынан «АФ Родина» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры, Қазақстанның Еңбек Ері Иван Сауэр, Жақсы ауданынан «Агрофирма ТНК» серіктестігінің директоры Батырбек Уәлиев, Есіл ауданынан «Заречный» серіктестігінің директоры Уәлихан Әріпов, Сандықтау ауданынан «Максимовское» серіктестігінің директоры Александр Закусилов, Бұланды ауданынан «Журавлевка-1» ЖШС құрылтайшысы Арман Құдайбергенов қатарлы он ауыл шаруашылығы басшысы марапатталды.

Мұхамет ТІЛЕУБАЙ,
«Арқа ажарының» өз тілшісі. 

Суретті түсірген Айбек ДАНИЯРОВ.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар