Жаңа жылда шыршаның оталуына жол жоқ!

Қысқы кезең орман шаруашылығының жұмысына өз ерекшеліктерін енгізеді, ағаштарды күтуде жаңа қиындықтар туғызады. Жылдың осы уақытында тиімді қорғау және күтім жасау ормандарды сақтаудың негізгі факторлары болып табылады. Осы орайда, қыста орман шаруашылығын қорғаудың бірнеше жолдарын және ағаштарды күту әдістерін айта кеткеніміз дұрыс деп ойлаймыз.

Біріншісі, механикалық зақымданудан қорғану – қар мен мұзды жаңбыр сияқты қысқы ауа райында ағаштарға механикалық зақым келуі мүмкін. Оған экрандар мен қорғаныс конструкцияларын қолдану қардың немесе мұздың салмағымен бұтақтардың сыну қаупін айтарлықтай төмендетуі мүмкін.

Екіншісі, қысқы зиянкестерден қорғау – кейбір зиянкестер қыста белсенді болып, орман екпелеріне қауіп төндіреді. Осыған тұзақтар орнату, биологиялық қорғаныс құралдарын қолдану және тұрақты тексерулер зиянды организмдердің ықтимал зақымдануын болдырмауға көмектеседі.

Үшіншісі, Жаңа жыл жақындаған аралықта шырша кесушілердің табиғатымыздың көркі болып тұрған ағаштарды кесуіне жол бермеу. Мейрам басталмай жатып, қыс кезінде көпшілік қауым мерекені тойлау мақсатында табиғи шыршалар іздей бастайды. Ал, кейбіреулері орманнан сол шыршаларды кесіп, өз пайдасына жаратып жатыр. Бұл заңға қайшы әрекет екенін ескерткіміз келеді. Артық қыламын деп тыртық қылып алып жүрмеуді сұраймыз. Бұл мәселенің шешімі – жасанды шыршалар қолдану. Заңсыз әрекетпен қолға түскен жағдайда айыппұлдың да мөлшері сізді есеңгіретіп жіберуі мүмкін.

Қорытындылай келе, қыс мезгілі – табиғатымен ерекшелене түсетін әсем мезгілдердің бірі, оның әдемі де әсемдігін сақтап тұрған табиғи ресурстарды қорғау немесе аялау адамзаттың міндеті екенін еске салғымыз келеді. «Адамның табиғатсыз күні жоқ, табиғаттың оны айтар тілі жоқ» деп қазақ халқында бостан-бос айтылмаған. Орман, тағы да қайталап айтамыз, оның сұлулығы мен бірегейлігін сақтау үшін ерекше күтім мен назар аударуды қажет ететін құнды табиғи ресурс. Қысқы орман – бұл таңғажайып көрініс. Ағаш бұтақтарын жабатын қарлы, ақ ұнтақтар ерекше атмосфера жасайды және қарапайым ағаштарды ертегі мүсіндеріне айналдырады. Мөлдір таза ауа мен айналадағы тыныштық осы қысқы суретке сиқырлылық қосады.

Алайда, орманның сұлулығынан ләззат алудан басқа, біз оны қорғауға да қамқорлық жасауымыз керек. Орман әсіресе, қыс мезгілінде осал болады және әртүрлі қауіп-қатерлерге ұшырайды. Сондықтан, оның сақталуын қамтамасыз ету үшін белгілі бір қадамдар жасауымыз керек. Орманды қорғаудағы бірінші және маңызды қадам – ағаштардың кесілмеуін бақылау. Кесуді қатаң реттеу және шектеу өте маңызды. Келешек ұрпақты ойлай отырып, табиғатымызды және айналамыздағы ормандарды қорғауға шақырамыз.

Серік ЕРДЕНОВ,
«Қыпшақ» орман шаруашылығының басшысы.
Жасқайрат СЕРКЕНОВ,
 «Қыпшақ» орман шаруашылығының шебері.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар