Туризм саласы инвестициялар салумен дами түседі

Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыстық туризм басқармасының басшысы Андрей Подгурский туризм саласында биылғы жылы атқарылған  жұмыстардың нәтижелері жөнінде баяндап берді.

Жалпы, туризм саласы Ақмола облысының экономикалық дамуында көшбасшы сала. Аймақтағы туристік кластерде 600-ден астам кәсіпорын бар. Онда 22 мыңнан астам ақмолалық жұмыс істейді. Жыл басынан бері туристерді орналастыруға байланысты 16,5 миллиард теңге сомасына қызмет көрсетілді. Салық түсімдері де айтарлықтай өсуде. Нәтижесінде облыс қазынасына  2,3 миллиард теңге салық түсті. Облыстық туризм басқармасы басшысының айтуынша, Ақмола өңіріне келген туристер саны биыл 900 мыңнан асты, ал, оның 15 мыңнан астамы шетелдіктер.  Негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 2 есеге ұлғайып, 23 миллиард теңгеден асты. Жыл басынан бері 65 инвестициялық жоба іске асырылуда.

−2024 жылға 25 миллиард теңгеден астам инвестиция сомасына 30-ға жуық жаңа жобаны іске асыру жоспарланған. Сондай-ақ, мемлекеттік субсидиялардың түсуінің арқасында іскерлік белсенділік артып келеді. Биыл 105 миллион теңге сомасына 12 өтінім мақұлданды. Щучье – Бурабай және Зеренді курорттық аудандары елдің туристік әлеуетін іске асырудың басым бағыттарының қатарына кіреді. Оған жыл сайын шамамен 1 миллион адам келеді. Щучье-Бурабай курорттық аймағын дамыту бойынша қарқынды жұмыстар жүргізілуде. Инвестиция тарту аясында туристік нысандар салынуда. Әдемі табиғатты тамашалауға келгендер барлық жерде қоқыс тастап, қоршаған ортаға зиян келтіреді. Бұл мәселе де шешіледі. Бурабай кентінің аумағында 27 қоқыс төгетін орын салынып, 100-ден астам темір және 50-ге жуық ағаш контейнерлер орналастырылды. Жазда қоқыстарды жинау және шығару кестесі жасалды. Курорттық өңірде 30-дан астам инфрақұрылымдық жобаны кезең-кезеңімен іске асыруды көздейтін 2025 жылға дейінгі даму жоспары бекітілді, − деді өз сөзінде басшы.

Биыл бұл бағытта бес жобаны іске асыру жоспарлануда. Осыған орай, көлік инфрақұрылымына қатысты  төрт  жобаны іске асыру мақұлданды. Брифинг барысында тағы бір өзекті мәселе − автотұрақ жөнінде айтылды.  Мәселені жеңілдету үшін биыл құрылыс жұмыстары басталды. Сонымен бірге, 500 көлікке арналған бір автотұрақ салынды және бұл жұмыс жалғасады. Брифингте басқарма басшысы келер жылға жоспарланған іс-шаралар тізбегі жөнінде баяндап берді.

−Ағымдағы жылы жоспарланған 46 іс-шараның барлығы дерлік өткізілді.  Келесі жылы да осындай іс-шаралар жоспары жасалуда.  Оларды өткізу  ауқымы да ұлғаяды. Яғни, бұған дейін республикалық іс-шараларға баса назар аударылса, келер жылы халықаралық іс-шараларды өткізуге басымдық беріледі. 2024 жыл «Қытайдағы қазақстандық туризм жылы» болып жарияланды.  Осыған байланысты үлкен іс-шаралар күтілуде.  Сонымен қатар, ел аумағында, соның ішінде елордада көшпенділер ойындары өткізіледі.  Бұл халықаралық іс-шара болғандықтан,  шетелдік туристерді тартуға мол септігін тигізетіні анық.  Сондықтан,  Ақмола облысы да түрлі іс-шараларды өткізуде және шетелдік туристерді  қарсы алуда басшы өңір болады деп ойлаймын, –деп қорытындылады Андрей Подгурский.

Ілияс ӘУБӘКІРОВ,
«Арқа ажарының» өз тілшісі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар