Мемлекет басшысы жас ақмолалықтың арманын орындады

Облыс әкімі Марат АхметжановМемлекет басшысының атынан Көкшетау қаласындағы әл-Фараби атындағы ақпараттық технологиялар лицейінің дарынды оқушысын Жаңа жылмен құттықтады.

Сапар барысында өңір басшысы Аяжанға планшет, тәттілер салынған себет пен Елбасының ашық хатын табыс етті.

«Елбасының тапсырмасымен келе жатқан Жаңа жыл мерекесімен құттықтап, сіз Мемлекет басшысына жазған хатыңызда сұраған  сыйлықты табыс етуге келдім – деді М.Ахметжанов.

Аяжан Ахмет көп балалы отбасынан шыққан, оқу озаты. Жақында облыстық байқаудың қалалық кезеңінің «Мен тарих зерттеушісімін» номинациясы бойынша екінші орын және Көкшетау қаласының мектеп оқушылары арасында өткен «Алаштың ардақтысы – асыл Ахаң» мысал-шығармасы байқауында үшінші орын алды.

«Тілегім орындалады деп күткен жоқпын. Президентімізге рахмет», – деді Аяжан.

А. Ахмет Мемлекет басшысына хат жазып, өзі туралы айтып, Президент «Тілек шыршасы» аясында орындаған сырлы арманымен бөліскен болатын.

Дереккөз:  www.gov.kz

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар