Облыс прокуроры, 3-ші сыныпты мемлекеттік әділет кеңесшісі Айдос Майлыбаев Ақмола облысы прокуратурасы органдарының өткен кезеңде атқарған жұмыстары туралы облыс прокуратурасының Басқарма басшыларының, қала, аудан прокурорларының есептерін тыңдады.
Жалпы, жыл қорытындылары бойынша Ақмола облысының прокуратурасы 5900 азаматтың конституциялық құқықтары, 7 мыңнан астам бизнес субъектісінің құқықтарын қорғап, мемлекетке 990 миллион теңгеден астам теңге шығынды өндірді, 3,6 миллиард теңгенің мүлкін қайтарды. Облыс прокуратурасының қызметкерлері жалпы құны 88 миллиард теңгеден асатын 7 инвестициялық жобаны жүзеге асыруға құқықтық көмек көрсетті.
Прокурорлардың араласуымен мемлекетке 394,1 гектар ауыл шаруашылығы жерлері, оның ішінде тартылған жер айналымы қайтарылды. Бұдан басқа, 77 ауылдық елді мекенде жайылым тапшылығын жоспарланған 109 мың гектардан 158,8 мың гектарға ішінара қысқарту жөнінде шаралар қабылданды. Сонымен қатар, прокуратура актілері бойынша 67 мың гектар жер мәжбүрлеу тәртібімен тәркіленді. Барлығы 2877 пайшының құқықтары қорғалды.
Алқа отырысының соңында Айдос Майлыбаев облыс прокуроры қала, аудан прокурорларының қадағалау қызметінде орын алған кемшіліктерді жою бойынша нақты тапсырмалар берді.
Ақмола облысы ның прокуратурасы