Марат Ахметжанов Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінде болды

Облыс әкімі Марат Ахметжанов Көкшетау қаласы бойынша жұмыс сапары аясында Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінде болды, онда бакалавриат, магистратура және докторантура бағдарламалары бойынша оқытылады, барлығы 7703 студент білім алуда.

Сапар барысында университет өкілдері өңір басшысын халықаралық және республикалық бағдарламалар аясында ғылыми жобаларды жүзеге асыратын оқу орнының құрылымымен таныстырды.

«Біздің университет 60 жыл ішінде ғылыми зерттеулер мен кадрлар даярлаудың ірі орталығына айналды. Ғылыми қызметкерлердің ғылыми зерттеулерге мемлекеттік гранттары бар. Бүгінде түлектеріміз облыс көлемінде ғана емес, Қазақстанның түкпір-түкпірінде мемлекеттік қызметте, ірі кәсіпорындарда еңбек етуде», – деді ректор Марат Сырлыбаев.

Тұсаукесер барысында облыстың ғылыми-зерттеу және ынтымақтастық жөніндегі проректоры Айгүл Жақыпова ғылыми жобалармен таныстырып, университеттің өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына инвесторлар тартуға қатысуы туралы айтты. Мұнда шетелдік ғалымдар мен сарапшылардың қатысуымен форумдар мен халықаралық конференциялар да өтіп тұрады.

«Алдағы уақытта облыстың агроөнеркәсіптік кешенін дамыту жоспарын жасап, топырақ құнарлылығының қазіргі жағдайын зерттеп, топырақ өңдейтін және тұқым себетін техникалардың жаңа үлгілерін жасауға үлес қосуды жоспарлап отырмыз. Бұл кездесу білім және ғылым саласындағы алдағы ынтымақтастық пен бірлескен жобалардың бастау арнасына айналады деген сенімдеміз», – деп қосты А.Жақыпова.

Марат Ахметжанов, ауыл шаруашылығы саласында ғылыми негізделген әдісті қолдану қажеттігін атап өтті.

«Мемлекет басшысының Жолдауын жүзеге асыру аясында агроөнеркәсіптік кешендегі өңделген өнімдердің үлесін 70%-ға дейін арттыру мақсатында, біздің жоспарларымызға жаңа, нақты жұмыс істейтін технологияларды пайдалану, ғалымдардың ғылыми зерттеулері жатады. Ауылдардағы егіншілік пен мал шаруашылығын дамытуға ғылыми көзқарас негізінде еңбек өнімділігін арттырып, кәсіпорындарда жаңа жұмыс орындарын ашуға қол жеткіземіз», – деді М.Ахметжанов.

Ш.Уәлиханов атындағы КУ ЯМР спектроскопиясының бірегей инженерлік зертханасы да отандық ғылымның дамуына зор үлес қосуда. Көлемдері 1-ден 100 нм-ге дейінгі объектілерді көру және анықтау мүмкіндігімен наноғылым және нанотехнология саласында зерттеулер жүргізіледі.

 

Өңір басшысы 782 студент білім алатын Жоғары медицина мектебінде де болды, оның 356-сы шетелдік студенттер.

Мекеме оқу үрдісін жазуға және білім алушылардың іс-қимылдарын талдауға мүмкіндік беретін мониторинг жүйесі бар заманауи жоғары технологиялық компьютерленген жүйесімен қоса «Мейірбике ісі», «Хирургия», «Реанимация», «Травматология», «Педиатрия», «Акушерлік және гинекология», «Виртуалды медициналық академия», «CNOZ», «Стандартталған пациент» кабинеттерімен жабдықталған.

«Ақмола облысының тұрғындарына медициналық білім беруді дамыту жетіспейтін мамандықтар бойынша бос орындарды толтыруға және қалалар мен ауылдардағы дәрігерлер тапшылығын жоюға мүмкіндік береді. Біздің мақсатымыз – қажетті жағдай жасап, қаржылай қолдау көрсету арқылы жергілікті білікті кадрларды дайындау және олардың өңірде қалуына ынталандыру», – деді М.Ахметжанов.

Сапар соңында өңір басшысы университет есебінен салынып жатқан студенттерге арналған жаңа жатақхананың құрылыс алаңында болды. Жобада әрқайсысы 250 орындық 2 блоктың құрылысы қарастырылған. Қазіргі уақытта, бірінші блокта бірінші қабаттың қабырғасын көтеру және екінші блокта парапет пен фронтон орнату жұмыстары жүргізілуде.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар