Тәрбиеші – бала бақшаның жүрегі

«Тәрбиесіз берген білім адамзаттың қас жауы» деп Әл-Фараби бабамыз айтқанындай, баланың тәрбиелі болып, үлкен мектеп өміріне алғашқы қадамын басуына ата-ананың тәлімінен бөлек, тәрбиешінің де үлесі зор. Бала бақшадағы тәрбие – барлық тәрбиенің бастамасы. Балаға бағыт-бағдар, тәлім-тәрбие беретін отбасынан кейінгі екінші анасы, ол тәрбиешілер. Балаларға әрқашан қамқор болып, жұмыс істеуден шаршамайтын жандардың қатарында «Арман» бөбекжайының тәрбиешілері Лаура Темірбекқызы Аугапасова, Тымаркүл Бекарыстанқызы Қасымбекова және тәрбиешінің көмекшісі Ақбота Жаңбырбайқызы Халикова да бар.

Осы тұста тәрбиешілерімізге ата-ана ретінде өз алғысымызды білдіргіміз келеді. Тақпақ жаттау болсын, мерекелік іс-шаралар, ертеңгіліктер болсын, біздің топ мұндай шараларға үнемі белсенді қатысады. Баланың талабын ұштап, дарынын аша білудің өзі де үлкен біліктілік,ептілік деп білемін. Балабақшаға апарып жүрген балаларымыздың күн санапдамып,білім жинап, жауқазындайөсіп келе жатқаны бізді әрдайым қуантады. Ал, оның артында тұнып тұрған еңбек жатқаны сөзсіз. Кішкентай балапандарымыздың жан-жақты дамуы,өскелең ұрпақ тәрбиелеу жолындағы өрелі жұмыстары мен өлшеусіз еңбектері үшін жоғарыдағы тәрбиешілерге алғыс білдіреміз. Еңбектеріңіздің жемісін көріп, отбасыларыңызда бақытты болуларыңызға тілектеспіз.

Маратовтар мен Хамзиндер отбасылары.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар