Балалар лагерьлерінің жұмысы тексерілді

Тексеру шеңберінде 400-ден астам бұзушылық, оның ішінде санитарлық-эпидемиологиялық заңнама, өрт қауіпсіздігі, денсаулық сақтау, білім беру және тағы басқа  салалардағы бұзушылықтар анықталды.

Бұдан бұрын балалар лагерлерінде алкоголь, самогон, пневматикалық мылтық, тамақпен бірге сақталған егеуқұйрыққа қарсы улы дәрі, басқа да әртүрлі тыйым салынған заттар және бұзушылықтар анықталған.

Сонымен қатар, Бурабай ауданының 2 балалар лагерінде аспазшылардан стафилококк, тамақ сынамаларынан ішек таяқшасы табылды.

Бурабай курорттық аймағының үш жеке лагерінде медициналық көмек көрсетуге лицензия болмаған, медициналық пункттерде мерзімі өткен дәрі-дәрмектер қолданылған, ал, Ақкөл ауданының балалар лагерінде дәрі-дәрмектер мүлдем болмаған. Лагерь аудандық ауруханадан 40 шақырым жерде орналасқан.

Жалпы, көптеген балалар мекемелерін тексеру кезінде қанағаттанарлықсыз өмір сүру жағдайлары анықталған.Жоғарыда келтірілген мысалдардың айта берсе,  аз емес екенін атап өткен жөн.

Осы фактілер бойынша уәкілетті органдарға қадағалау актілері толтырылды. 40 тұлға әкімшілік және тәртіптік жауапкершілікке тартылды, миллиондаған теңге айыппұлдар салынды, 2 балалар лагерінің қызметі тоқтатылды. Тексеруші прокурорлардың қызметіне кедергі келтірген жеке лагерь басшысы әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Тексеру нәтижелері бойынша балалар демалысын ұйымдастыру бөлігінде ұсыныстар енгізіліп, анықталған бұзушылықтарды жою жоспары әзірленді.

Ақмола облысының прокуратурасы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар