Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Ақмола облысы прокуратурасының шараларымен сотталғандарды қайта әлеуметтендіруге бюджет қаражатынан 61 миллион теңге бөлінді - АРҚА АЖАРЫ

Ақмола облысы прокуратурасының шараларымен сотталғандарды қайта әлеуметтендіруге бюджет қаражатынан 61 миллион теңге бөлінді

Мемлекеттік органдардың негізгі міндеттерінің бірі қылмыстық-атқару жүйесінің мекемелерінен босатылған және (немесе) қылмыстық-құқықтық сипаттағы өзге де шараларға ұшыраған, оның ішінде пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды азаматтық қоғамға қайтару мақсатында әлеуметтік-экономикалық, педагогикалық және құқықтық сипаттағы шаралар кешенін қолдану (қайта әлеуметтендіру) болып табылады

Тәуелсіздіктің алғашқы күндерінен бастап Қазақстан пенитенциарлық жүйенің проблемаларына, бас бостандығынан айыру орындарын өтеп жатқан және одан босаған азаматтармен жұмыс істеуге ерекше назар аударады. Түрме тұрғындарын азайту және қоғамнан оқшаулауға байланысты емес жазаларды орындау институттарын дамыту бойынша шаралар жүзеге асырылды.
Бұл мәселенің өзектілігіне қарамастан, 2017 жылдан бастап облыста үкіметтік емес ұйымдарға (бұдан әрі – ҮЕҰ) сотталғандарды қайта әлеуметтендіруге қаражат бөлінбеген.

Осыған орай, облыс прокуратураның бастамасымен уәкілетті органдармен бірнеше рет жұмыс кездесулері өткізіліп, бұл мәселе облыс прокуратурада өткен екі ведомствоаралық кеңесте көтерілді.
Нәтижесінде уәкілетті органдардың қызметін үйлестіру арқылы ағымдағы жылға сотталғандарды қайта әлеуметтендіруге бюджет қаражатынан 61 миллион теңгеден астам қаражат бөлінді.

ҮЕҰ-ның сотталғандарды қайта әлеуметтендіруге қатысуы оларға материалдық көмекпен (ең қажетті тауарларды, дәрі-дәрмектерді сатып алу, құжаттарды дайындау және т.б.) бірге психологиялық (психологтың қызметі, білім алу) көмек көрсетуге мүмкіндік береді.

Ақмола облысының прокуратурасы

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар