Ақмола облыстық мәслихатының депутаты, «Ауғанстандағы соғыс ардагерлері одағы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Дуанбай Ыбырайдың қоғамдық қызметінің басты бағыттарының бірі жастарды әскери-патриоттық бағытта тәрбиелеу болып табылады.
Атап айтқанда, Көкшетауда Кеңес Одағының Батыры, академик Мәлік Ғабдуллингедаңқты жерлесіміздің 1943 жылы 30 қаңтарда осы жоғары атақты алған күніне орайластырылып, естелік іс-шаралар өтті. Дуанбай Қазыбайұлы басқаратын ҚР Қорғаныс министрлігінің Щучье әскери-техникалық мектебінің филиалында да «Батырлық салтанаты» танымдық сағаты ұйымдастырылды.
Содан кейін депутат Д.Ыбырай Краснояр ауылындағы №3 мектеп-гимназиясының «Жас Ұлан» әскери-патриоттық клубының жас жауынгерлерінің ант қабылдау рәсіміне қатысты.
Бұған қоса, жақында әскери-техникалық мектеп пен облыстық жастар ресурстық орталығы арасында жастарды жұмысқа орналастыру бойынша «Елге қызмет – абыройлы міндет» жобасы аясында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.
Ақмола облыстық мәслихатының баспасөз қызметі.