Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Өндірістік кооперативтің артықшылығы байқалуда - АРҚА АЖАРЫ

Өндірістік кооперативтің артықшылығы байқалуда

Бүгінгі таңда Астрахан ауданында әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштерді арттыру мақсатында шағын бизнес пен ауыл шаруашылығы саласын дамыту бойынша ауқымды жұмыстар атқарылуда.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Әділ Қазақстанның экономикалық бағыты» Жолдауында агроөнеркәсіптік кешенде нақты серпіліске қол жеткізу міндетін қойды. Президент өз сөзінде перспективалы бағыттар ретінде ет, сүт және астықты терең өңдеу, өнеркәсіптік жылыжай шаруашылығын дамытуға басымдылық берілу  қажеттілігін атап өтті. Осыған байланысты, қайта өңдеу қарқынын арттырудың жарқын мысалы ретінде «Нұр-А» ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативін айтуға болады.   Кәсіпорын ауыл шаруашылығы саласына жүктелген міндеттерді іске асыруға белсене ат салысып отыр. Жалпы, жоба 2017 жылдан бастап Астрахан ауданы Новочеркасское ауылында енгізілді.  Осының арқасында жаңадан  8 жұмыс орны құрылған еді. Кәсіпорын жеке аулалардан сүт сатып алу арқылы сүт өнімдерін өңдейді және өндіреді. Қазіргі уақытта Гүлбаршын Қожахмет  аталмыш кооперативтің жетекшісі  болып табылады. Білікті де еңбекқор басшының  көрегендігі мен табандылығының, алға қойған мақсаттарына жете білуінің арқасында кәсіпорын барлық кедергілер мен қағаз бюрократиясын еңсере алды.  «Болашақ» КТ  кредиттік ресурстарының арқасында өндірістік желіні ұлғайтуға, қажетті жабдықтар мен ауыл шаруашылығы техникасын сатып алуға мүмкіндік туды. Бүгінгі таңда кәсіпорынның  тату және ұйымшыл ұжымы әртүрлі бейіндегі жоғары білікті мамандардан тұрады. Мұнда шебер-технолог, шебер-зертханашы, буып-түюші, цех жұмысшысы сияқты мамандар еңбек етеді. Олардың барлығы өз жұмыс орнында, кәсіпорынның тұрақты дамуына және жоғары өндірістік көрсеткіштерге қол жеткізуге айтарлықтай үлес қосуда. Кооперативте қызметкерлер үшін барлық қажетті әлеуметтік-тұрмыстық жағдайлар жасалған. Оның ішінде жеткізу және тасымалдау қызметтеріне қоса, арнайы киім беріліп, медициналық тексерулер  кооперативтің  есебінен жүргізіледі.

Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі бағдарламасын іске асыру шеңберінде «Нұр-А» ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативі қайырымдылық қызметпен де белсенді айналысып,  ай сайын жергілікті медресеге сүт өнімдері жеткізіледі.

Бүгінгі таңда  кәсіпорын барлық қажетті сертификаттарға ие және сүт, айран, қаймақ, сүзбе, Адыгей ірімшігі мен сары май өндіруде.  Олар  өз өнімдерін сату желісін ұлғайтып, елораданың азық-түлік белдеуін қамтамасыз етуде және Ақмола облысының аудандарына да өнім жеткізуде. 2022 жылы Астараханка ауылында брендтік өнімдері бар «Сүт өнімдері» павильоны ашылды. Алдағы уақытта ауданда шикізат базасын ұлғайту және қосымша өндірістік аймақ салу үшін 2024-2025 жылдың жоспарларына сәйкес,  сүтті ірі қара мал басын сатып алу көзделіп отыр.

Дегенмен,  барлық  жоспарларды іске асыру үшін халықты, соның ішінде жастарды неғұрлым талап етілетін кәсіптерге оқытуға және қайта оқытуға тарту жөніндегі жұмысты жалғастыру қажет. Мұның бәрі ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасы мен әл-ауқатын жақсартуға ықпал етеді.

Ілияс ӘУБӘКІРОВ,
«Арқа ажарының» өз тілшісі.

 Астрахан ауданы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар