Ақкөл ауданында тұрғын үй өртеніп, бір адам көз жұмды

Ақмола облысы ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, өрт 19 ақпанда түнгі сағат 04:45-те Еңбек ауылының Целинная көшесі бойында орналасқан жеке тұрғын үйде болды.

Өртті сөндіруге ТЖД жеке құрамынан 7 адам және 2 арнайы өрт сөндіру техникасы жұмылдырылды. Сағат 06:55 өрт оқшауланып, 08:18 сөндірілді.

«Өрт болған үйден 1966 жылғы ер адамның денесі табылды. Қазіргі кезде өрттің шығу себептері мен келтірілген шығын көлемі анықталуда», – деді ведомстводан.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар