Қаржының толық игерілмеуі – өңірлердің дамуына нұқсан

Жуырда облыстық мәслихаттың тұрақты комиссияларының бірлескен отырыстарында өңірлерді дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған жоспары қаралып, қала, аудан әкімдерінің2023 жылға арналған бюджеттерінің атқарылуы туралыесептері тыңдалды.

Тыңдауға Ақмола облысы мәслихатының төрағасы Бейбіт Жүсіпов, облыстық мәслихат депутаттары, тұрақты комиссияның мүшелері қатысты.Алғашқы болып баяндама жасаған Қосшы қаласының әкімі Ғайдар Қасеновтыңайтуынша, жылдар бойы қордаланып қалған мәселелерді түбегейлі шешу үшін алдағы онжылдыққа қаланы дамытудың стратегиялық бағдары айқындалған. Онда Қосшы қаласын дамыту Астана агломерациясының 2028 жылға дейінгі кешенді даму жоспарына сәйкес жүзеге асырылатын болады. Қазіргі таңда жас қалада халық саны 55 мыңнан асты. Алайда бейресми түрде одан да көп. Азаматтардың қалада тіркелуі өте маңызды. Бұл бюджеттің өсуіне және әлеуметтік нысандардың көбеюінетікелей әсер етеді.Жыл қорытындысы бойынша кіріс850 миллион теңгеге өсіп, жоспардан тыс 85,4 миллион теңге қаражат түскен. Бюджет қаражатының игерілуі 99,8 пайызды немесе 14,6миллиард теңгені құраған.

– Ақмола облысын дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған жоспарының нысаналы индикаторларын орындау үшін Қосшы қаласының әкімдігі өз жұмысын күшейтіп, жандандыратын болады, – дей келе қала әкімі атқарылатын жұмыс жоспарымен бөлісті. Жоспар аясында, инфрақұрылымды жақсарту үшін Қосшы қаласы мен Тайтөбе ауылындағы жол желілерін күрделі жөндеу, жол белгілерін орнату, грандтау қатарлы жұмыстарға 5 миллиард қаржы бөле отырып, 33 шақырымдай жолдың сапасын арттыру көзделген. Лесная поляна тұрғын үй кешеніндегі ұзындығы 14 мың шаршы метр автожолдарды ағымдағы жөндеуге 120 миллион теңге бөлінген. Сондай-ақ, Қосшыда 30 дана контейнерлік платформаларды орнатуға 164,7 миллион, 2023-2024 жылыту маусымына 126,4 миллион, сорғы стансасын ағымдағы жөндеу жұмыстарына 85,4 миллион, 4-кезеңдегісу құбыры желілерінің құрылысына 2,1 миллиард, Тайтөбе ауылын 2-кезеңмен электрмен жабдықтауға 241,9 миллион теңге қаражат бөлініп, жоспарланған.Қаладағы электр желілері тозған, күрделі және ағымдағы жөндеуді қажет етеді. Қала жылумен қуаттылығы сағатына 75 Гкал орталық қазандық арқылы қамтамасыз етілген. Қазіргі уақытта жылу энергиясының тапшылығы 5 Гкалды құрайды. Бұл мәселені шешу үшін жұмыс істеп тұрған қазандықтың қуатын 96 Гкалға және жылу желілерін арттыру жобасы әзірленді. Бұл жобаны жүзеге асыру үшін облысқа бюджеттік өтінім жолданды, – деді қала әкімі тыңдау барысында.

Сонымен бірге, келесі баяндама жасаған Шортанды ауданының әкімі Сағындық Шабаров өз сөзінде ауданның негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 2019 жылдан кем екенін атап өтті. Ал, 2023 жылға жалпы инвестиция көлемі 10,4 миллиард теңгені құраса, оның 2,2 миллиард теңгесі Жолымбет кентіндегі кәсіпорындар мен 8,2 миллиард теңгесі басқа кәсіпорындардың үлесінде. Ауданның өткен жылғы ауыл шаруашылығының өнімінің көлемі 24,1 миллиард теңге болса, бұл 2022 жылмен салыстырғанда 19,5 миллиард теңгеге аз. Салыстырмалы түрде қарағанда 2022 жылы бұл көрсеткіш 43,6 миллиард теңгені құраған. Аудан әкімі мұны қолайсыз ауа райы жағдайларына және ауыл шаруашылығы субъектілерінің құрал-жабдықтар мен техникаларды сатып алуының төмендеуіне байланысты болды деп түсіндірді. Аудан бойынша дәнді дақылдар шығымы гектарына орташа есеппен 6,5 центнерді немесе елу пайызды құрап, 2022 жылғы деңгейден екі есе төмен болды. Өткен жылды ескере отырып, 2024 жылы ауыл шаруашылығы техникасын көбірек сатып алу жоспарлануда деп көрсетті әкім және де жұмыспен қамтылған және жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына тартылған атаулы әлеуметтік көмек алушылардың үлесі 74,5 пайыз болып, жүз он сегіз адамға немесе жиырма төрт отбасына 9,5 миллион теңге атаулы әлеуметтік көмек тағайындалып, төленген. Бірақ, еңбекке қабілетті 10 адам аталған көмекті ала алмаған.

– Себебі, олар 3 жасқа дейінгі балалармен отырған аналар. Декретте болғандықтан, осы кезге жұмыс берушілермен келісім-шарт жасалып жатыр. Алдағы уақытта жарты немесе толық күндік жұмыстарға орналастыруға тырысамыз, – деп сендірді Сағындық Серікбайұлы. Оған қоса, тыңдау барысында  аудандық аурухана мен Научный кентіндегі мектептің күрделі жөндеу жұмыстары туралы сұрақ көтерілді. Аталған кенттегі нысанға өткен жылы облыстық бюджеттен 175 миллион теңге бөлініп, жұмысы басталған. Алайда, таңдалған мердігер жоспарланған жөндеу жұмыстарын мерзімінен кеш аяқтаған. Қазіргі кезде «ГрадСтрой» серіктестігімен келісім-шарт бұзылған. Ал, қалған жұмыстары үшін 2024 жылға бөлінетін қаражат көзделмеген. Осыған байланысты әкім комиссия мүшелерімен мәслихат депутаттарына ұсынысымен сұрағын жолдады. Егер қалған 175 миллион теңге бөлінсе, конкурс жариялап, анықталған мердігермен жөндеу жұмыстарын аяқтау жоспарланып отыр. Ал, екі жылдық аудандық аурухананың күрделі жөндеу жұмысына өткен жылы облыстық бюджеттен 250 миллион теңге бөлініп, жұмысы басталса, ағымдағы жылыда  дәл осы көлемде қаражат бөлініп, жоспар бойынша жұмыстар жүріліп жатқаны белгілі болды.

Аталған мәслихат отырысының тыңдауында Ақкөл ауданының әкімі Біржан Әбдірахмановта жұмыс жоспарымен бюджеттің атқарылу қорытындылары туралы айтып берді. Берілген мәліметке сүйенсек, ауданда меншікті кірістер көлемі 2 миллиард теңге болып, жоспардан тыс 326 миллион теңге түскен. Бөлінген бюджеттің6,2 миллиард теңгесі орындалып, 186 миллион теңге игерілмеген.Ақкөл ауданы бойынша 2023 жылға жоспарда үш бағыт, жеті мақсат, жетпіс төрт нысаналы индикатор көзделген. Орындалмаған индикаторлардың қатарында, пайдалануға берілген тұрғын үйлер бар. Жылдық жоспар7,9 мың шаршы метр болса, алты мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілген. Жоспардың орындалмауы 45 пәтерлі тұрғын үйдің мерзімінде пайдалануға берілмеуіне байланысты болған. Және тамақ өнімдерін өндіруге негізгі капиталға тартылған инвестициялар көлемі1,6 миллиард теңге болса, өткен жылы азық-түлік өндірісі бойынша жаңа жобалар жүзеге асырылмауымен бірге, өңдеу кәсіпорындарына күрделі салымдардың төмендеуі байқалған. Бұл ауданда да қолайсыз ауарайына байланысты ауыл шаруашылығының жалпы өнімінің көлемі жетпіс пайызға ғана жеткен. Есептік кезеңде ауданда 2023 жылы жоспарланған 74 нысаналы индикатордың 54-і немесе 73,0 пайызы орындалған. Аудан әкімі өз кезегінде нәтижелі жұмыс істеу үшін барлық күш-жігердің салынып жатқанын айта келе, Ақмола облысының 2021-2025 жылдарға арналған даму жоспарын іске асыру үшін ағымдағы жылдың жоспары құрылғанын айтып жеткізді.

Тыңдау төңірегінде аңғарғанымыз, облыстың аудандары мен қалаларында 2023 жылы 4,2 миллиард теңге игерілмеген, сөйтіп, игеру пайызы 98,4 пайызды құраған. Облыстық мәслихаттың төрағасы Бейбіт Жүсіповтің атап өткеніндей, аудандар мен қалалардың атқарушы органдарының қомақты қаражатты игермеуі бойынша тұрақты үрдіс байқалады. Негізгі себептер жылдан-жылға қайталанады және созылмалы сипатқа айналуда. Олармердігерлердің шарттық міндеттемелерін орындамауы, конкурстық рәсімдер, сот процестері, талап етілмеген қаражат және тағы басқа да түйткілдер.

Мұхамет ТІЛЕУБАЙ,
«Арқа ажарының» өз тілшісі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар